Добавить новость
ru24.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Құтқарушылар Сайран көлінен қызды шығарып алды: видео

0

Алматыда құтқару қызметінің мамандары Сайран көлінде болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Толығырақ
Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері жағалауды патрульдеу кезінде суға батып бара жатқан бойжеткенді байқап қалған. Құтқарушылар оны дереу судан шығарып алған.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, мамандардың дер кезінде әрекет етуінің арқасында суицид жасау әрекеті тоқтатылды. Зардап шеккен жанға қажетті көмек көрсетілгені хабарланды.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өз өміріне ұқыпты қарауға және қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгінуге шақырды.
Сайранға неге шомылуға болмайды?
Tengrinews.kz Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен неліктен Сайран суына түсуге болмайтынын анықтады. Мамыр айында Әуезов және Алмалы аудандарының мамандары Сайран суынан микробиологиялық, санитариялық-химиялық және паразитологиялық көрсеткіштер бойынша сынама алғаны белгілі болды.
Алмалы ауданы бойынша нәтижелер төмендегідей болды: су ЛОТ индексі бойынша және еріген оттегі деңгейі бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейді (лактоза-оң ішек таяқшалары).2025 жылдың қарашасы / Фото: Болат Айтмолда
Санэпидемиологтардың хабарлауынша, өткен жылмен салыстырғанда жағдай өзгермеген: су әлі де санитариялық-химиялық нормативтерге сай емес.

"Аудандық басқарма мамандары биылғы жылы судың ластану көздерін анықтаған жоқ. Бірақ біздің пайымдауымызша, негізгі себеп - салалар арқылы келетін ластану болуы мүмкін. Сайранға Үлкен Алматы өзені құяды, ал оған жоғарыдан түсетін барлық нәрсе (тұрмыстық қалдықтар, қоқыс, кәріз сулары) соңында көлге жиналады. Бұл зертханалық нәтижелермен расталады - ішек таяқшасы нәжіспен ластанудың салдары ретінде табылып отыр", – деп хабарлады ведомство.

Мәселені шешу үшін департамент Үлкен Алматы өзенінің арнасы бойында қалдықтарды төгетін құқықбұзушыларды анықтау және оларды жауапқа тарту мақсатында бірлескен рейдтер ұйымдастыруды ұсынады.
Сайран көліндегі судың жағдайы мамырдан қыркүйекке дейін санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг аясында бақыланады. Зерттеулер айына бір рет жүргізіледі.
Сайранда қандай жағдайда шомылуға болады?
Ведомство бүгінгі таңда Сайран көлінде шомылуға ресми тыйым күшінде екенін атап өтті. Мамандар алматылықтарға суға түсуге қандай жағдайда рұқсат берілуі мүмкін екенін түсіндірді.
Олардың айтуынша, абаттандыру жұмыстары аяқталып, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынғаннан кейін және судың гигиеналық нормативтерге сәйкестігі расталған соң ғана шомылуға болады.Құтқарушылар
Наурыз айында редакция тілшілері жағалауды аралап, полиция және құтқару бекеттерінің жабық екенін анықтаған болатын.
Сол кезде Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы бізге мынаны хабарлаған еді::

Сайрандағы полиция қызметкерлері сәуір айында орналастырылады,,ал құтқарушылар кезекшілікке көл суға толғаннан кейін шығады.

Алматы қалалық ТЖД сауалға берген жауабында құтқарушылар жағалауда күн сайын сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін кезекшілікте болатынын хабарлады. 1 маусымнан бастап олар тәулік бойы кезекшілікке ауысты.

"28 сәуірден бастап аумақта полиция қызметкерлері мен Алматы Құтқару қызметі мамандарының қатысуымен күн сайын рейдтер өткізіледі. Тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар мен кітапшалар таратылып жатыр", – деп хабарлады ведомство.

21 мамыр / Фото: ©️ Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Департаменттің ақпараты бойынша, құтқару қызметі мыналарға міндетті:

жағалау аймағында кезекшілік ету;судағы қауіпсіздікті бақылау;өмірге қауіп төнген жағдайда адамдарды құтқару;алғашқы медициналық көмек көрсету;іздестіру-құтқару операцияларына қатысу;жазатайым оқиғаларға жедел әрекет ету.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса