Добавить новость
ru24.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Синоптиктер Қазақстанда аптап болып, нөсер жауатынын ескертті

0

Қазақстанда 16-18 маусым аралығына арналған ауа райы болжамы белгілі болды. Толық мәліметті "Қазгидромет" баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, дауыл тұруы, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін деп болжанады.

16 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, ал 18 маусымда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты жаңбыр күтіледі.

Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде аптап ыстық болып, күндіз ауа температурасы +35...+40 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында температура +35...+38 градусқа дейін жоғарылайды. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 2026 жылдың жазы қандай болады: синоптиктер болжамы




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса