Добавить новость
ru24.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Әр адамға жеке құжаттама жасалды“: салық органдары қазақстандықтар туралы не біледі?

0

Қазақстанда әрбір салық төлеушіге - жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қатысты цифрлық құжаттама қалыптастырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде мемлекеттік қаржыны цифрлық трансформациялауға арналған брифингте қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Тұрысовтың айтуынша, Қаржы министрлігі 14 ақпараттық жүйені бес жүйеге ауыстыруды көздейтін жаңа цифрлық архитектураны бекітті. Олардың қатарында - СБЖА салықтық әкімшілендіру ақпараттық жүйесі бар. Ол "Салық төлеуші кабинеті" мен "Дербес шоттарды басқару орталығын" қоса алғанда, жеті ескі жүйені біріктіріп, олардың орнын басты.

"Бұл салық төлеушілермен жұмыс істеу тиімділігін едәуір арттырады. Осы жүйелер ішіндегі өзара іс-қимыл енді бұрынғыдай бір немесе екі айға созылмайды. Сондай-ақ интеграцияға қатысты ұзақ уақытты алатын мәселелер де туындамайды, себебі бұл қазір бірыңғай платформа", - деді вице-министр.

Оның сөзінше, СБЖА-да мемлекеттік органдармен және банктермен 75 интеграция іске асырылған. Бүгінде жаңа "Салық төлеуші кабинеті" арқылы бухгалтерлер, экономистер және заңды тұлғалар жұмыс істеп жатыр.
Қаржы министрлігінің салықтық әкімшілендіру саласындағы негізгі талдау жүйесі Smart Data Finance болды. Ол екі ескі жүйенің орнын басып, 74 дереккөзден ауқымды мәліметтерді жинақтайды.

"Әрбір салық төлеушіге - жеке тұлғаға да, заңды тұлғаға да қатысты құжаттама жасадық. Бұл құжаттамада не бар? Жылжымайтын мүлік, көлік және қажетті басқа да барлық деректер жинақталған", - деді Тұрысов.

Бұған дейін азаматтар мен бизнес өкілдері салық есептілігі нысандарын тапсыру кезінде бұл мәліметтерді өздері көрсететін. Енді ақпарат автоматты түрде "деректер көліне" түседі.
Тағы бір бағыт - мемлекеттік қаржы картасын жасау. 2GIS және "Яндекс Карталар" сияқты танымал карталарда бақылау-касса машиналары орналасқан нүктелерді көрсету жоспарланған. Жүйе бизнестің қаржылық тәртібін және чектердің берілуін - кәсіпкерлердің оларды қаншалықты тұрақты беретінін және нақты деректердің бизнес мәлімдеген мәліметтерге сәйкестігін талдауға мүмкіндік береді.
Қаржы министрлігі жинақталған ақпаратты тек салықтық әкімшілендіру үшін ғана емес, сонымен қатар жасанды интеллектті қолдана отырып талдау жасау үшін де пайдалануды көздеп отыр.

"Біз жүйені ары қарай жасанды интеллект көмегімен дамытуды жоспарлап отырмыз, ол арқылы шағын және әсіресе орта бизнеске тиісті тауашаны табуға көмектесеміз. Мысалы, чектер мен шот-фактуралар арқылы қай жерде дәріхана немесе наубайхана ашу тиімді екенін түсінуге болады", - деп толықтырды Әсет Тұрысов.

Мән-жайы
2025 жылғы желтоқсанда Қаржы министрі Мәди Такиев мемлекеттік кірістер органдарында әрбір салық төлеуші мен бизнес субъектісі туралы толық ақпарат бар екенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, бірыңғай деректер көлінде азаматтардың мүлкі, жері, көлігі мен шоттары туралы мәліметтері бар 100-ге жуық ақпараттық база біріктірілген.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап банктер де салық органдарына белгіленген критерийлерге сәйкес келетін мобильді аударымдар туралы мәліметтерді береді. Егер адам үш ай қатарынан 100 және одан да көп әртүрлі адамнан аударым алса, ал түскен жалпы сома 12 ең төменгі жалақыдан асса, бұл салықшылардың назарын аударуы мүмкін. Бұл ретте барлық үш шарт бір мезгілде сәйкес келуі тиіс.
Тағы оқыңыз: "Бұл ақшаның қайдан келгенін сұраймыз". Салық органдарының 115 мың адамға қояр сұрағы бар




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса