Добавить новость
ru24.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Ақтөбеде куәлігінен айырылған жүргізуші есірткіге мас күйде ұсталды

0

Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ ер адам есірткіге мас күйде қаланы аралап жүрген жерінен ұсталды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Полиция мәліметінше, Уәлиханов көшесін патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары Opel автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің іс-әрекеті оның мас екендігі туралы күдік тудырған.
Медициналық куәландыру оның есірткіге мас күйде болғанын көрсетті.
Тексеру кезінде ер адам бір жыл бұрын көлікті мас күйде басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Алайда, бұл оның қайтадан рөлге отыруына кедергі болмаған.
Жүргізушіге қатысты процессуалдық сипаттағы шаралар қабылданды. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бап санкциясында көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыру, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп атап өтті полиция өкілдері.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында куәлігі жоқ бола тұра мас күйінде қайтадан рөлге отырған 170 жүргізуші анықталды.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса