Әлем чемпионатының плей-офф кестесі: Месси мен Роналду финалда кездесуі мүмкін
Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша 1/16 финалға мына командалар шықты: Мексика, ОАР, Швейцария, Канада, Босния және Герцеговина, Бразилия, Марокко, АҚШ, Аустралия, Парагвай, Германия, Кот-д'Ивуар, Эквадор, Нидерланд, Жапония, Швеция, Бельгия, Мысыр, Испания, Кабо-Верде, Франция, Норвегия, Сенегал, Аргентина, Колумбия, Португалия, Англия, Хорватия, Алжир, ДР Конго, Гана және Аустрия.
Чехия, Оңтүстік Корея, Қатар, Шотландия, Гаити, Түркия, Кюрасао, Тунис, Жаңа Зеландия, Уругвай, Сауд Арабиясы, Ирак, Иордания және Өзбекстан құрамалары турнирмен қоштасты.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FIFA World Cup (@fifaworldcup) жариялаған жазба
Плей-офф: 1/16 финалдың барлық жұбы
1. 29.06, 00:00 — ОАР — Канада;2. 29.06, 22:00 — Бразилия — Жапония;3. 30.06, 01:30 — Германия — Парагвай;4. 30.06, 06:00 — Нидерланд — Марокко;5. 30.06, 22:00 — Кот-д’Ивуар — Норвегия;6. 01.07, 02:00 — Франция — Швеция;7. 01.07, 06:00 — Мексика — Эквадор;8. 01.07, 21:00 — Англия — ДР Конго;9. 02.07, 01:00 — Бельгия — Сенегал;10. 02.07, 05:00 — АҚШ — Босния және Герцеговина;11. 03.07, 00:00 — Испания — Аустрия;12. 03.07, 04:00 — Португалия — Хорватия;13. 03.07, 08:00 — Швейцария — Алжир;14. 03.07, 23:00 — Аустралия — Мысыр;15. 04.07, 03:00 — Аргентина — Кабо-Верде;16. 04.07, 06:30 — Колумбия — Гана;
Айта кетейік, Португалия мен Аргентина құрамалары турнир кестесінің екі бөлігіне түсті. Бұл дегеніміз, командалар тек финалда немесе үшінші орын үшін болатын матчте кездесе алады. Мұндай жағдай Португалияның К тобында Колумбияға жол беріп, екінші орын алуына байланысты қалыптасты. Егер португалдықтар топта бірінші орын алғанда, Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың командалары ширек финалда-ақ жолығып қалуы мүмкін еді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
433 (@433) жарияланымы
