Месси Иорданиямен өткен матчте ӘЧ-дегі голдар саны бойынша рекорд жаңартты
Командалар арасындағы кездесу "Эй-ти-энд-ти" стадионында (Техас, АҚШ) өтті.
Еске салайық, бұған дейін аргентиналықтар Алжирді ойсырата жеңіп, Аустриядан да басым түскен болатын.Өз кезегінде Иордания екі матчте Австрия мен Алжирден жеңіліп, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылып қалған еді.
Ойын барысы
Аргентина матчтегі есепті 19-минутта ашты, жартылай қорғаушы Джовани Ло Селсо айып соққысынан көзге түсті.31-минутта аргентиналықтар пенальти тебу құқығына ие болып, оны шабуылшы Лаутаро Мартинес сәтті орындады.
Екінші таймның 55-минутында иорданиялықтар бір гол қайтарды. Шабуылшы Муса Тамари қақпаның төменгі бұрышына соққы жасап, мүмкіндікті мүлт жібермеді.80-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан шабуылшы Лионель Месси айып соққысымен әлем чемпионаттарындағы 19-шы голын соқты.
Матчтің қорытынды есебі — 1:3, Аргентина құрамасы жеңіске жетті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
433 (@433) жарияланымы
Осылайша, Аргентина құрамасы топта бірінші орын алып, 1/16 финалға жолдама алды.
Параллель өткен матчте Алжир мен Аустрия 3:3 есебімен тең түсті. Аустриялықтар екінші орын иеленсе, алжирліктер үшінші орынға тұрақтады, бірақ олар да плей-офф кезеңіне өтті.
Фото: flashscorekz.com
