Добавить новость
ru24.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30

“Түнде күзетеміз“: Алматы облысында үш тәуліктен бері өртсөндірушілер мен ауыл тұрғындары үйлер маңындағы өртті сөндіріп жатыр

0
Алматы облысы Бәйтерек ауылының тұрғындары жергілікті сайдағы өртпен үшінші тәулік бойы арпалысып жатыр. Жағдайға қатысты ТЖД баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?
Tengrinews.kz тілшісі Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылының тұрғындарына хабарласты. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жергілікті сайдағы алапат өрт сенбі, 27 маусымда сағат 11:00 шамасында басталған. Олардың мәліметінше, от құрғақ шөп пен ағаштардан тез таралған.
Жергілікті тұрғын Татьянаның айтуынша, үйлер сайдың дәл іргесінде орналасқан.
Оның сөзіне қарағанда, тұрғындар өрттің таралуын өз күшімен тоқтатуға тырысып жатыр: олар жалынды үйлерге жақындатпас үшін суды шелектеп тасып, тіпті бақшадағы бассейндерді босатып жатыр.

"Біраз уақыттан кейін сай қайтадан тұтана бастайды, сондықтан бізге өз күшімізбен күресуге тура келіп тұр. Сай түгелдей дерлік жанып кетті", – деді ауыл тұрғыны.

Фотоны жергілікті тұрғындар жолдаған
Әйелдің айтуынша, Бәйтеректе мұндай алапат өрттер әр жаз сайын болып тұрады. Бұрын бұл саймен өзен аққан, бірақ баяғыда тартылып қалған.
Татьянаның сөзінше, өрттің шарықтау шегі 29 маусымға қараған түні, сағат екілер шамасында болған.

"29 маусымға қараған түні жағдай қатты ушықты. Өрт тура біздің қоршауымызға дейін келді. Көршілердің бассейнін де босатып алдық - су жетпеді. Қазір қорқып, күзетіп отырмыз. Егер біз өртті уақытында байқап, оны тоқтатпағанымызда, жалын үйлерге көшер еді. Сайда ескі резеңкелер мен шиналар жатыр, олар үнемі бықсып жанады. Сай үлкен далаға ұласады, сонда біз тура оттың ортасында тұрып жатқандаймыз. Өрт толық сөндірілгенше, түнде ұйықтамай кезекшілік етуге мәжбүрміз", – деп түйіндеді Татьяна.


Видеоны жергілікті тұрғындар жолдаған
Тұрғынның айтуынша, сай әлі де бықсып жатыр, кей жерлерде өрт ошақтары бар.
Алматы облысы ТЖД не дейді?
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт аумағы шамамен 1,5 гектар болғанын хабарлады.
Құтқарушылардың мәліметінше, Садовая көшесіндегі ашық аумақта өрт шыққаны туралы дабыл "101" пультіне жексенбі, 28 маусымда түскен.

"Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ Бәйтерек ауылдық округі өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жіберілді. Жеткен бойда ашық аумақта құрғақ шөп жанып жатқаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша өрт аумағы шамамен 1,5 гектар болды. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт ауыздықталды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Құтқарушылар "өрттің тұрғын үйлер мен басқа да нысандарға таралуына жол берілмегенін", зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті.
Өңірлік департамент азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, құрғақ шөпті өртемеуге және отпен жұмыс істегенде ұқыпты болуға шақырды.
Бұған дейін елорданың Есіл ауданында, әл-Фараби даңғылы бойында бағыттық автобустың қозғалтқыш бөлігі өртенген болатын. Толығырақ мына жерден оқыңыз.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса