Алматыда жылу құбырын ауыстыруға байланысты бір көшеде қозғалыс ішінара шектеледі
Осыған байланысты 8 шілдеден бастап Немирович-Данченко көшесінің батыс жағында - Рысқұлов даңғылынан Райымбек даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
"Алматының Алатау ауданында 1988 жылы пайдалануға берілген ұзындығы шамамен 483 метр жылу құбыры жаңартылады", - деп хабарлады "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.
Бұл аумақты екі бағытта да Немирович-Данченко көшесінің шығыс жағымен айналып өтуге болады. Әл-Фараби даңғылы жабық: жұмыстар қашан аяқталатыны айтылды
Тағы оқыңыз: Шұңқырлар мен белгілер: Қазақстан жолдарына қатысты алғаш рет бірыңғай талаптар енгізілді
