Добавить новость
ru24.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстандық боксшы Азия чемпионаты медалін нокаутпен жеңіп алды

0
Қазақстандық Мәдира Жұмақан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Tengri Sport.
1/4 финалда 19 жасқа дейінгі салмақ дәрежесінде Мәдираның қарсыласы вьетнамдық Тхи Хонг Йен Нгуен болды.
Алғашқы екі раунд тартысты өтті, алайда шешуші кезеңде қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіріп, рефери жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Нәтижесінде Жұмақан техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Айта кетейік, турнир регламенті бойынша бокстан Азия чемпионатында үшінші орын үшін жекпе-жек өткізілмейді, сондықтан қазақстандық спортшы кем дегенде қола жүлдені иеленді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба


Еске сала кетейік, биыл ерлер мен әйелдер арасындағы U-19 және U-23 санаттарындағы бокстан Азия чемпионаты 3-16 шілде аралығында Джакартада (Индонезия) өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы аталған турнирге 39 спортшы қосты.
Айта кетсек, Қазақстанның ең танымал боксшыларының бірі Данияр Елеусінов АСтанада жол апатына тап болды.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса