Килиан Мбаппе ӘЧ жартылай финалына шыққаннан кейін ерекше рекорд орнатты
Танымал француз футболшысы футболдан Әлем чемпионатында бірегей рекорд иегері атанды. Ол кейінгі екі Әлем чемпионатының әрқайсысында 10 голға қатысқан ойыншы болды. Мбаппе 1966 жылдан бері екі турнирде мұндай нәтижеге қол жеткізген жалғыз ойыншы.
Алдыңғы Әлем чемпионатында ол 8 гол соғып, 2 нәтижелі пас берсе, биылғы турнирде дәл сол көрсеткішті қайталады.
10 - ???????? Килиан Мбаппе өзі қатысқан соңғы екі ФИФА әлем чемпионатының әрқайсысында 10 голға тікелей атсалысты — ол 1966 жылдан бергі статистика бойынша екі бөлек турнирде мұндай жетістікке жеткен жалғыз ойыншы.2022 жылы 8 гол, 2 нәтижелі пас2026 жылы 8 гол, 2 нәтижелі пасСимметрия. pic.twitter.com/VOA7lHDt5C— OptaJoe (@OptaJoe) July 9, 2026
Франция құрамасы ӘЧ-2026 жартылай финалына өтті
Еске сала кетейік, Әлем чемпионатының 1/4 финалында Франция ұлттық құрамасы Марокко командасымен кездескен болатын.
Кездесу француздар үшін аса жағымды басталған жоқ. 25-минутта Килиан Мбаппе пенальти тебу мүмкіндігіне ие болғанымен, оны орындай алмады. Дегенмен 60-минутта ол қатесін түзеп, өте әдемі соққымен есеп ашты.
Кейін, 66-минутта Усман Дембеле соққан голдың арқасында француздар басымдықты арттырды.
Матчтің қорытынды есебі - 2:0, Франция құрамасы жеңіске жетті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Equipe de France de Football (@equipedefrance) жариялаған жазба
Матч қорытындысы бойынша Килиан Мбаппе "матчтің үздік ойыншысы" деп танылып, тиісті марапатқа ие болды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Equipe de France de Football (@equipedefrance) жариялаған жазба
Франция құрамасы үшін жартылай финал 14 шілдеге жоспарланған, қарсыласы Испания - Бельгия жұбының жеңімпазы болады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FIFA World Cup (@fifaworldcup) жариялаған жазба
Лондонда футбол жанкүйерлері бүлік шығарды“Өзін француз санайды“: Мбаппеге қатысты дау күтпеген жайтқа ұласты
