Добавить новость
ru24.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанда білім беру гранттарына құжаттарды қабылдау басталады: нұсқаулық

0

13 шілдеден бастап eGov Mobile қосымшасы мен eGov.kz порталында білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдана бастайды. Құжаттарды 13 шілде сағат 09:00-ден 20 шілде сағат 18:00-ге дейін онлайн тапсыруға болады, деп хабарлайды Tengri Education.
Биыл қызмет жаңартылды, енді жүйе түсушіге конкурстан тыс мемлекеттік білім беру гранты тағайындалған-тағайындалмағанын автоматты түрде тексереді.
Тексеру Ұлттық тестілеу орталығының мәліметтері негізінде автоматты түрде жүргізіледі. Егер түсушіге конкурстан тыс мемлекеттік білім беру гранты тағайындалып қойған болса, жүйе өтінім беру кезінде бұл туралы хабарлайды. eGov.kz немесе eGov Mobile арқылы қайта өтінім берудің қажеті болмайды. Қалған абитуриенттер өтінімді жалпы тәртіппен тапсырады. Егер абитуриент жеңілдікті санатқа жататын болса, тиісті мәртебе өтінім беру кезінде көрсетіледі және автоматты түрде расталады.
Өтінімді қалай беруге болады: нұсқаулық
Өтінімді онлайн беру үшін пайдаланушыға келесі әрекеттерді орындау қажет:

eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, "Азаматтарға" – "Білім" – "Жоғары білім" бөлімін ашу;
"Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" қызметін таңдау;
"Қызметті онлайнға тапсырыс беру" батырмасын басу;
міндетті өрістерді толтырып, қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен сұранысқа қол қою;
жеке кабинетте мәртебені қадағалау – өтінімнің өңделгені туралы хабарлама "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде пайда болады.

eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы өтінім беру де осыған ұқсас түрде жүзеге асырылады.
Электрондық кезек
Өтінімдерді қабылдау кезінде eGov.kz порталына түсетін күштің көптігіне байланысты электрондық кезек қосылуы мүмкін. Оған кіргеннен кейін, пайдаланушының кезегі келгенде жүйе қызметке қолжетімділікті автоматты түрде ашады.
Кезекте өзіңіз күтіп отырмау үшін "Кезек жақындағаны туралы маған SMS арқылы хабарлау" опциясын таңдауға болады. Хабарлама мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефонға 1414 нөмірінен келеді. Егер нөмір тіркелмеген болса, оны қолмен көрсетуге болады.
Күту кезінде браузер бетін жабуға немесе жаңартуға болмайды - бұл жағдайда кезектегі орын жоғалады.
Өтінім берілгеннен кейін абитуриент eGov.kz порталындағы жеке кабинетінде білім беру гранты конкурсына қатысқаны туралы электрондық анықтама алады.
Конкурс нәтижелері жеке кабинетте 10 тамыздан кешіктірілмей пайда болады. Жеңімпаздар білім беру грантын тағайындау туралы электрондық сертификат алады, ал конкурстан өтпегендерге бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.
Тағы оқыңыз: Тағы 280-нен аса абитуриенттің ҰБТ нәтижелері жойылды




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса