Добавить новость
ru24.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

2–5 пайыздық ипотека: Қазақстанда кімдерге баспана алуға көмек болады?

0

Қазақстанда кезекте тұрғандар мен халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарын қолдау жалғасады, оларға екі және бес пайыздық жеңілдікпен тұрғын үй беріледі. Бұл ретте шенеуніктер пәтерлердің нарықтық бағасын реттеуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы үкіметте өткен брифингте өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов айтты, деп хабарлайды TengriHome.
Жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін (жаңа пәтерлерге 16 пайыздық ҚҚС енгізу) тұрғын үй бағасының ықтимал өсуі туралы сұраққа жауап бере отырып, Қуандық Қажкенов мемлекеттің нарықтық баға белгілеуге араласпайтынын атап өтті.

"Бұл – нарықтық қатынас. Бағаның өскені туралы да, керісінше, кей жерлерде төмендеп жатқаны туралы да ақпарат бар. Бұл сұраныс пен ұсынысқа байланысты", - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, бұл ретте мемлекет кезекте тұрғандар мен халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттары үшін сатып алынатын тұрғын үй құнын реттейді.
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша жалдамалы тұрғын үй құрылысы мен оны сатып алуға шамамен 219 миллиард теңге бөлінді. Бұл 14,5 мың отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Тағы 140 миллиард теңге жылдық екі және бес пайыздық мөлшерлемемен несиелік тұрғын үйге бағытталды. Биыл бұл бағдарламаларды қаржыландыру тағы 155 миллиард теңгеге ұлғайтылды.
Қуандық Қажкенов бүгінде мемлекеттік органдар тұрғын үйді өз бетінше салмайтынын, оны кезекте тұрғандарға беру үшін жеке құрылыс салушылардан сатып алатынын атап өтті. Оның айтуынша, көмек көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және өзге де әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттарға көрсетіледі.
Сонымен қатар биыл кезекте тұрғандарға пәтер сатып алу кезінде бастапқы жарнаны төлеуге көмектесетін тұрғын үй сертификаттарын қаржыландыру 2,5 есеге жуық артты.

"Бүгінде 900 мыңға жуық адам кезекте тұр. Бұл кейде тіпті бастапқы жарнасы да жоқ азаматтар санаты. Осы ретте біз оларға тұрғын үй сертификаттары арқылы көмектесеміз", - деді вице-министр.

Мән-жайы
Бұған дейін өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов мемлекет тұрғын үй құнын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында ғана реттейтінін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, қазіргі уақытта кезекте тұрғандарға арналған пәтерлер мемлекет есебінен салынбайды, белгіленген баға параметрлері бойынша жеке құрылыс салушылардан сатып алынады.
Егер отбасының табысы төмен болса, жалдамалы тұрғын үй қарастырылған, ал табыс деңгейі жоғары болса, азаматтар екі-бес пайыздық жеңілдетілген ипотеканы пайдалана алады. 2026 жылы мұндай бағдарламаларды қаржыландыруды ұлғайту жоспарланған.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдан бастап 2026 жылдың бірінші тоқсанына дейін кезекте тұрғандарға 30 мыңнан астам жалдамалы пәтер берілді, ал жеңілдетілген бағдарламалар бойынша 24 мыңға жуық тұрғын үй қарызы үлестірілді.
Тағы оқыңыз:
“Жылжымайтын мүлік біртіндеп инвестициялық активке айналып барады“. Қанша қазақстандықтың баспанасы бар?




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса