Добавить новость
ru24.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Суперкомпьютер Франция шығып қалғаннан кейін ӘЧ жаңа жеңімпазын анықтады

0
Opta сараптамалық порталы Франция құрамасы турнирден шығып қалғаннан кейін футболдан Әлем чемпионатының басты фаворитіне қатысты шешімін өзгертті, деп хабарлайды Tengri Sport.
Бұған дейін суперкомпьютер 1/4 финал матчтарінің нәтижесі бойынша француздардың турнир финалында жеңіске жету мүмкіндігін 34 пайыз деп болжаған болатын.
Алайда Франция Әлем чемпионатынан шығып қалған соң, Opta кубокті оларды жарыс жолынан шығарған команда – Испания иеленеді деп есептейді. Суперкомпьютер олардың Әлем чемпионатында жеңіске жету ықтималдығын 55,59 пайыз деп болжап отыр.
Англияның турнирдегі жеңіс мүмкіндігі 23,32 пайызға, ал Аргентинаның жеңісі 21,09 пайызға бағаланды.
Скриншот: theanalyst.com
Испания Францияны ӘЧ-2026 турнирінен шығарды
Кездесуде есепті испаниялықтар ашты. Ламин Ямаль пенальти еншілеп, оны шабуылшы Микель Оярсабальға берді. Шабуылшы қақпаны дәл көздеп, алғашқы голды соқты.
Кейін, 58-минутта қорғаушы Педро Порро өз командасының басымдығын арттырды.
Кездесудің қорытынды есебі - 2:0.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Equipe de France de Football (@equipedefrance) жариялаған жазба


Осылайша, Испания құрамасы футболдан Әлем чемпионатының алғашқы финалисі болды. Басты халықаралық трофей үшін матч 20 шілдеде өтеді, ал қарсылас 16 шілдеге қараған түні анықталатын Англия - Аргентина жұбының жеңімпазы болмақ.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Selección Española Masculina de Fútbol (@sefutbol) жарияланымы


Испания құрамасы ӘЧ жартылай финалындағы жеңісінен кейін тарихи рекордты қайталады“Жылауық сияқты“: Франция құрамасының бапкері Испаниямен ойындағы төрешілік туралы пікір білдірдіӘЧ-26: Зидан жартылай финалдағы сәтсіздіктен кейін Франция құрамасын басқарады



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса