Добавить новость
ru24.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Англия - Аргентина: Кейн мен Мессидің ӘЧ жартылай финалындағы матчі туралы не белгілі?

0
Бүгін, 16 шілдеге қараған түні футболдан Әлем чемпионатының екінші финалисі анықталады. Ол Англия - Аргентина матчінің жеңімпазы болады, деп хабарлайды Tengri Sport.
ӘЧ-2026 жартылай финал ойыны Атлантадағы (АҚШ) "Мерседес-Бенц Стэдиум" стадионында өтеді. Жеңімпаз финалда испандармен кездеседі, ал жеңілген тарап Франция құрамасымен қола жүлде үшін күресті жалғастырады.
Англия - Аргентина: кездесулер тарихы
Аргентиналықтар мен британдықтар текетіресі әлемдік футболдағы бітіспес бәсекелердің бірі. Командалардың әртүрлі құрлықтық аймақта ойнайтынына және жолдастық матчтер мен Әлем чемпионаттарында ғана жолыға алатынына қарамастан, олар осы уақытқа дейін 15 кездесу өткізді.
Әзірге басымдық ағылшындар жағында - жеңіс саны бойынша 6:4 және бес рет тең түскен. Әлем чемпионаттарында да Англияның аздаған басымдығы бар - 3:2.
Бұл ретте командалар кейінгі рет 2005 жылы өзара ойнаған. Жолдастық кездесу Женевада (Швейцария) өтіп, құрамында Джеррард, Руни және Лэмпарды бар британдықтар жеңіске жетті. Ол кезде Месси ұлттық құрама сапында дебют жасаған болатын, бірақ алдыңғы жолдастық ойында алған қызыл қағазына байланысты алаңға шықпады.
Марадона Англияға қарсы: тарихтағы ең танымал матч
Футболға қызықпасаңыз да, 1986 жылғы ӘЧ 1/4 финалындағы Англия - Аргентина матчінде болған оқиғалар туралы естігеніңіз анық. Марадонаның әйгілі "Құдайдың қолы" деп аталған голы тек жанкүйерлердің табыну нысаны емес. Бұл оқиға кинематографияда жиі аталады (Соррентино тіпті осындай атаумен фильм түсірді) және жалпы баяғыда мәдени мұраға айналған.
Ережеге қайшы соғылған доптан бөлек, аңызға айналған Диего сол матчте "Ғасыр голын" да соқты - оның бүкіл алаңды жалғыз жүгіріп өтіп жасаған ерекше голы Әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік доп болып танылды.

Сол ойында Аргентина жеңіске жетіп, ақыры бүкіл турнирде топ жарды. Кубоктен бөлек, оңтүстік америкалықтар үшін ағылшындарды жеңу өте маңызды еді: оның себебі туралы толығырақ мына материалдан оқыңыз.
Кейн, Беллингем және Месси Мбаппені қуып жету жолында
Текетірестің тағы бір қызықты тұсы - турнирдің үздік сұрмергендері рейтингінде көшбасшының ауысу ықтималдығы.
Қазір рейтингте бірінші орынды франциялық Килиан Мбаппе мен аргентиналық Лионель Месси бөлісіп тұр - екеуінде 8 доптан бар. Бұл ретте француз өз матчінде көзге түсе алмады, сондықтан Леоның алға шығуға мүмкіндігі бар.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Leo Messi (@leomessi) жарияланымы


Олардан қалыспай екі ағылшын келе жатыр - Харри Кейн мен Джуд Беллингем қазірдің өзінде алты голдан соқты және жартылай финал қорытындысы бойынша Мбаппе мен Мессиді қуып жетуі әбден мүмкін.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Harry Kane (@harrykane) жарияланымы


Аргентина - Англия: тікелей трансляция
ӘЧ-2026 жартылай финал матчі 16 шілдеде Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Кездесуді тікелей эфирде Qazsport және Qazaqstan көрсетеді. Трансляция арналардың ресми сайттарында да қолжетімді болады.
Мбаппе кубоксыз қалды: Испания әлем чемпионатының финалына шықты



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса