Добавить новость
ru24.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Астанада жүргізуші 3 айда 80 рет жол ережесін бұзған

0

Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушіге қатысты істі қарады. Ол үш айдың ішінде 80-нен аса рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот мәліметінше, наурыз бен маусым айлары аралығында Ж. есімді азамат 80-нен аса рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде жылдамдықты асырғаны үшін. Соған қарамастан, ол ереже бұзуын тоқтатпаған.

"Азамат Ж. белгіленген жылдамдықты екі рет айтарлықтай асырып, сағатына 151 және 126 шақырым жылдамдықпен жүрген. Өз әрекетімен ол жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұза отырып, қоғамға және белгіленген ережелерге құрметсіздік танытты", - деп хабарлады сотта.

Сот отырысында жүргізуші кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты және ережелерді шынымен бұзғанын түсіндірді, сонымен қатар салынған айыппұлдардың барлығын төлегенін жеткізді. Сондай-ақ ол көп жағдайда рөлде өзі болғанын мойындады.
Құқық бұзушы "ұсақ бұзақылық" жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынды.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса