Қазақстан құрамасында 11 алтын медаль: бокстан Азия чемпионатының қорытындысы
Айта кетейік, Әділ Асқанбай (50 келіге дейін), Ақжүрек Қалабай (65 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін) және Руслан Ахметов (85 келіге дейін) күміс медаль иегері атанды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
???????????????????? ???????????????????????? (@officialasianboxing) жарияланымы
23 жасқа дейінгі санатта алдымен 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аман Қонысбек Қырғызстан өкілі Алмаз Орозбековті 4:1 есебімен жеңді.
Кейін Темірлан Мұқатаев пен Ибрагим Бетаев Өзбекстан спортшылары Норбек Абдуллаев пен Самир Собировтан тиісінше 4:1 және 3:2 есебімен басым түсті.
Бексұлтан Боранбек (55 келіге дейін), Нұрасыл Төлебек (60 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін) және Өнер Сейілхан (80 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
???????????????????? ???????????????????????? (@officialasianboxing) жарияланымы
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирде ерлер арасында 13 медаль (5 алтын және 8 күміс) жеңіп алды.
Айта кетейік, кеше 19 және 23 жасқа дейінгі санаттарда қыздар арасындағы финалдық бәсекелер өтті. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынына 9 медаль (6 алтын және 3 күміс) түсті.
Жалпы нәтиже: 11 алтын медаль.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба
Азия чемпионаты: екі қазақстандық боксшы өзбекстандық қарсыластарын жеңді
