Добавить новость
ru24.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыда бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

0
Алматыда бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
Жандосов көшесі
21 шілде сағат 20:00-ден 1 тамыз сағат 06:00-ге дейін Жандосов көшесінің Дәулеткерей көшесінен қала шекарасына дейінгі бөлігінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі.

Дәулеткерей көшесінен қала шекарасына дейінгі учаскеде реверстік қозғалыс ұйымдастырылады.
Жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралды. Сондай-ақ ауа райы жағдайына байланысты жұмыс мерзімі өзгеруі мүмкін екендігі айтылды.

2-ші Гончарная көшесі
Шектеулер 2-ші Гончарная көшесіне де қатысты болады. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Фтизиопульмонология орталығынан Райымбек даңғылындағы №223е/4 үйге дейінгі учаскеде жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 2026 жылдың 23 шілдесінен бастап автокөлік қозғалысы шектеледі.
Қазіргі уақытта Алматыда мына көшелер жабылған:

13 шілдеден бастап "Самал-2" шағын ауданындағы Снегин көшесінің Меңдіқұлов бульвары мен Достық даңғылы арасындағы бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. Себебі - құбырларды ауыстыру.
17 шілдеден 30 тамызға дейін Бекешев көшесінің Әбілдин көшесінен Белжайлау көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі. Себебі — кәріз коллекторының құрылысы.

Тағы оқыңыз: Алматы – Бішкек тасжолы 8 жолаққа дейін кеңейтіле бастады.


Жолдарымызда қытайлық көліктер көбейіп келеді! Ал сіз бренд атауларының қалай дұрыс дыбысталатынын білесіз бе? Біз көмектесеміз! Біздің арнайы жобамызға кіріңіз «Қытай автоәлемі» атты арнайы жобамызға өтіңіз – мұнда маркалар, брендтер мен өндірушілер туралы бәрі бар!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса