Добавить новость
ru24.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

UFC-дің жеңілмеген файтері Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізу ықтималдығын меңзеді

0
UFC-дің жартылай орта салмақтағы эквадорлық жұлдызы Майкл Моралес қазақстандық Шавкат Рахмоновпен алдағы ықтимал жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды Tengri Sport.
Майкл Моралес өзінің әлеуметтік желілерінде қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иэн Гэрри арасындағы кездесуді тамашалап отырған видеосын жариялады. Бір сәтте Моралес камераны қазақстандықтың тегіне жақындатып, кейін объективті өзінің қолын көтеріп тұрған бейнесіне бұрады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

@hochu.pitsu жарияланымы


Tengri Sport тілшісі Рахмоновтың бапкері Эдуард Базровпен байланысты. Ол Моралестің командасынан ешқандай ұсыныс түспегенін, бірақ қазірше Шавкат мұндай жекпе-жекке дайын емес екенін айтты.
Бапкер жаңа жекпе-жекті тек Жаңа жылдан кейін күтуге болатынын аңғартты.

"Оның (Шавкаттың) толық айыққанын, жекпе-жекке дайындық кезінде қажетті жүктемелерді толық орындай алатынын айта алмаймын. Сондықтан Шавкаттың қатысуымен өтетін кездесулер туралы тек Жаңа жылдан кейін ғана сөз қозғауға болады, өйткені жарақаты өте ауыр болды. Біз қарсылас таңдамаймыз. Кімді қойса, сонымен жұдырықтасамыз", - деді Эдуард Базров Tengri Sport-қа берген сұхбатында.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Eduard Bazrov-тың жазбасы (@eduard_bazrov15)


Моралес - UFC рейтингінде жеңілмеген файтер
Айта кетейік, эквадорлық файтер UFC рейтингінің үздік 15 спортшысының арасында 19-0 рекордымен мінсіз нәтиже көрсетіп тұрған жалғыз өкіл. Дәл осындай көрсеткіш қазақстандық жұлдыз Шавкат Рахмоновта да бар.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

MICHAEL MORALES ????️ (@miichaelufc) жарияланымы


Моралес соңғы рет октагонға 2025 жылдың 15 қарашасында Нью-Йорктегі (АҚШ) "Мэдисон-сквер-гарден" аренасында өткен UFC 322 турнирі аясында шықты. Онда ол тәжірибелі америкалық Шон Брэдимен кездескен болатын.
Жекпе-жек бірінші раундта-ақ мерзімінен бұрын аяқталды. Моралес алғашқы секундтардан-ақ басымдықты иеленіп, Брэдиге жойқын қысым мен дәл соққылар бағыттады. Раундтың ортасында ол қарсыласын қарымды соққылар сериясымен ұстап алып, нокаутқа түсірді.

Шавкат Рахмонов жаттығуға оралды
Естеріңізге сала кетейік, жеңілмеген қазақстандық тізесіне ота жасатып, қазір оңалтудан өтіп жатыр. Бұған дейін оның командасы әлеуметтік желілерде Шавкаттың UFC-дегі ең үздік сәттерінен үзінді видео жариялаған болатын. Жазбада Рахмоновтың жаттығуға оралғаны айтылған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

DAR PRO TEAM (@darteam.kazakhstan) жарияланымы


Осыдан кейін қазақстандықтың әлеуметтік желісінде оңалту процедураларының бірі түсірілген видео пайда болды. Онда Рахмонов арнайы стендте тізе буындары мен бұлшықеттерінің күшін қалпына келтіруге арналған жаттығу жасап жатыр.

Шавкат Рахмонов тізесін қалпына келтіру жаттығуларын жасап жатыр.(арқылы @Rakhmonov1994) https://t.co/YIWsplD6Dy pic.twitter.com/mVyisBjh1Z
- Championship Rounds (@ChampRDS)7 шілде, 2026
Жекпе-жектерге келетін болсақ, қазақстандық спортшы 2024 жылдың 8 желтоқсанында өткен UFC 310 турнирінен бері октагонға шыққан жоқ. Сол кезде ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген болатын.
Негізінде бұл Шавкат үшін чемпиондық жекпе-жек болуы керек еді, бірақ сол кездегі белбеу иесі Белал Мухаммад жарақатына байланысты айқастан бас тартты.

"Конор қайда, Шавкат қайда": Макгрегор Рахмоновпен жекпе-жек туралы пікір білдірді



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса