Добавить новость
ru24.net
World News
Июль
2026

Ойын алаңына талас: Қостанайдағы көршілер дауын сот қалай шешті?

0
Қостанайдағы екі тұрғын үй кешенінің тұрғындары ауланы бөлісе алмай әлекке түскен. Қоршаудың кесірінен туындаған жанжал сотқа дейін жетті. Сот кімнің жағына шықты және неге - Tengri Home тілшісі материалында.
Даулы аула: ортақ алаң қалайша жекеменшікке айналды?
Қостанайдағы екі көпқабатты үй тұрғындары арасындағы балалар алаңына қатысты даудың жалғасып жатқанына бірнеше жыл болды. Нариманов көшесіндегі үй 2012 жылы салынса, арада 10 жыл өткенде оның қарсы алдынан жаңа үй бой көтерген. Құрылыс кезінде ескі балалар алаңы бұзылып, жұмыс аяқталған соң екі үйге ортақ жаңа алаң салынған.
Жаңа зәулім үйдің астында жерасты паркингі де бар, ол тура осы балалар алаңының астына орналасқан.
Жерге құқығы бар екенін алға тартқан жаңа үйдің тұрғындары көрші үйден қоршау арқылы бөлініп алуды ұйғарған.

"2024 жылы жалпы жиналыста пәтер, паркинг орындары мен тұрғын емес жайлардың иелері ауланы қоршау туралы шешім қабылдады. Алайда, екі жылдан бері заңды жекеменшігіміздегі аумаққа қоршау орнату туралы бұл шешімді іске асыра алмай келеміз. Кондоминиумды тіркеу биыл 10 наурызда ғана жүргізілді", - деді "Абай №111" МИБ төрайымы Ғалия Нұрғалиева тұрғындардың әкімдік өкілдерімен кездесуінде.


Абай даңғылындағы үйдің МИБ-і балалар алаңын қоса алғанда, үй маңындағы аумақты қоршай бастады. Бірлестік бұл шешімін ауланы қауіпсіз етіп, балаларды далаға еш алаңсыз жіберу үшін жасалғанын айтып түсіндірді. МИБ өкілдерінің сөзінше, құжат бойынша бұл жер телімі нақты осы үйге тиесілі. Дегенмен, алаң іс жүзінде екі үйдің ортасында орналасқан және оны екі үйдің де тұрғындары пайдаланады.
Көршілер қақтығысы: қоршау ортақ ауланы қалай бөлді?
Екі үйдің тұрғындары өзара келісе алмады, бірақ бұл жаңа көршілердің қоршау тұрғызуды бастауына кедергі болмаған. Соның салдарынан қарсы беттегі тұрғындарға балалар алаңы былай тұрсын, тіпті жаяу жүргіншілер жолы да қалмай, тек көлік жүретін жолға ғана ие болып қалған.


"Меніңше, олар жер теліміне деген құқықтарын асыра пайдаланып отыр. Балалар алаңының астында паркинг болғандықтан, құрылыс салушы жерді соларға беруге мәжбүр болғаны түсінікті. Бірақ олар осы арқылы бізді балалар алаңынан айырып отыр, тіпті тротуар да жоқ, тек көлік жолы қалды. Біз соғыспай, тату болуға шақырамыз. Ортақ қоршау орнатып, ауланы күтіп ұстау мен қоршау шығындарын өзара бөлісіп алуға дайынбыз", - деді "№ 64 үй" МИБ төрағасы Павел Лим.

Үй маңындағы аумаққа қатысты дау: "жер үсті - маған, жер асты - саған"
Қоршау орнату кезінде аулаға әкімдік пен жылу компаниясының қызметкерлері келген. Сөйлесу оңай болған жоқ. Шенеуніктер № 64 үй тұрғындарының жағына шықты.


"Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына (ЕТЖ) сәйкес, қоршау орнатыла бастаған аумақ Абай, 111 және Нариманов, 64 үйлерінің ортақ ауласы болып табылады. Бұл ЕТЖ-да қарастырылған, себебі үйлердің кіреберістері осы аула алаңына шығады", - деді Қостанай әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Гүлсара Құрманғалиева.

Құрылыс бөліміндегілер қоршаудың заңсыз орнатылып жатқанын алға тартты. Жоба үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасы алынбаған. Бұл жалғыз кедергі емес.

"Жұмыстар заңбұзушылықпен жүргізіліп жатыр. Қоршаудың астында жылу желілері мен электр кабельдері бар, оларға кейін қызмет көрсету керек. Егер құбыр жарылса, бұл апатты дер кезінде жоюға кедергі келтіреді", - деді ТҮКШ бөлімінің басшысы Дәурен Асқаров.

Ауладағы қоршау: сот қандай шешім шығарды?
Екі көппәтерлі үй арасындағы қоршау орнату туралы дау Қостанайдың экономикалық сотында қаралды. Судья жер теліміне қатысты құжаттарды, жобалық құжаттаманы зерделеп, барлық тараптың уәжін тыңдады. Нәтижесінде шешім шығарылды: аула ортақ, сондықтан қоршау қоюға болмайды.

"Талап арыз ішінара қанағаттандырылды. "Абай № 111" МИБ-іне орнатылған қоршауды өз қаражаты есебінен бұзу міндеттелді. Қалған талаптарды қанағаттандырудан бас тартылды, себебі қоршауды бұзу абаттандырылған аумаққа кіру құқығын қалпына келтірудің жеткілікті тәсілі деп танылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Фото Tengrinews.kz
Енді қоршау бұзылуы тиіс. Дегенмен, тұрғындар қоршауды сақтап қалу және көршілердің балалар алаңына кіруін шектеу үшін апелляциялық шағым түсіру мүмкіндігін қарастырып жатыр.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса