Добавить новость
ru24.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

ӘЧ–2026 финалының төрешісі мансабын аяқтады: матч төбелеспен аяқталды

0
Словениялық төреші Славко Винчич футболдан әлем чемпионатының финалында қызмет көрсеткеннен кейін мансабын аяқтады, деп хабарлайды Tengri Sport Словения футбол одағына сілтеме жасап.
Төреші бұдан былай ФИФА мен УЕФА аясындағы ресми матчтерде жұмыс істемейді.

"АҚШ-тағы әлем чемпионатының финалынан бір апта өткеннен кейін Славко Винчич әлемдік футболдың ең биік шыңындағы өзінің тарихи төрешілік мансабын ресми түрде аяқтады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Винчич 46 жаста, бұл төрешілер үшін шекті жас болып есептеледі. 2014 жылға дейін ФИФА 45 жастан асқан төрешілерге халықаралық матчтерді басқаруға ресми түрде тыйым салған болатын, бірақ кейін бұл ереженің күшін жойып, төрешілерді дене даярлығы бойынша тест тапсыруға міндеттеді.
ӘЧ-2026 финалы қалай өтті?
Еске сала кетейік, футболдан әлем чемпионатының шешуші матчі төрешілік тұрғысынан ауыр болды. Ойыншылар үнемі бір-бірін арандатып, ереже бұзумен болды, ал матчтің негізгі уақытының соңында төреші Аргентина құрамасының ойыншысы Энцо Фернандесті алаңнан қуды.
Қосымша уақытта төреші испандықтардың соққан голын есепке алмай, Кукурельяның аузын алақанымен жауып сөйлегеніне мән бермеді, бұл мундиаль ережесі бойынша қызыл карточкамен жазалануы тиіс еді.

Нәтижесінде испандықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті, ал аргентиналықтар төбелес шығарды, бірақ төреші хаттамаға футболшыларға қатысты ешқандай ескерту тіркеген жоқ.
Аргентина құрамасының қатысуымен жаңа жанжал: ФИФА ӘЧ финалындағы төбелесті елеусіз қалдырды
ӘЧ-2026 финалының төрешісі туралы не белгілі?
46 жастағы словениялық үшін ӘЧ-2026 финалы оның карьерасының шыңы болды. Бұған дейін ол Еуропа лигасының (2022) және Чемпиондар лигасының (2024) финалдарында, сондай-ақ Еуро-2024 жартылай финалында төрелік еткен.
Испания - Аргентина матчі ол үшін әлем чемпионаттарындағы алтыншы ойын болды. Бұл ретте Винчич мундиальдағы алғашқы төрелігін де Аргентина қатысқан матчте бастаған болатын – 2022 жылы оның көзінше болашақ чемпиондар Сауд Арабиясына қарсы ойында саудиялықтардың қақпасына белгіленген даулы пенальтиден кейін жеңіліп қалған еді.
Төрешіге финалдық матчке тағайындалғаны туралы хабарланғанда, ол эмоциясын ұстай алмай, өзге төрешілердің көзінше жылап жіберген.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FIFA (@fifa) жарияланымы


Мессидің даулы пенальтиі және Ямальдың жеңісі: ӘЧ финалының төрешісі туралы не белгілі?
Еске салайық, Венесуэланың екінші лигасының "Фронтера" клубының қақпашысы Серхио Авельянеда тұрақты чемпионат матчінде өте оғаш автогол соқты.
Сондай-ақ БАҚ-та АҚШ Испаниядан ӘЧ-2026 жеңісі үшін берілген сыйақыдан салық ретінде 7 миллиард теңгеге жуық қаражат талап етуі мүмкін екені айтылды.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса