Көкшетауда көлікті иесімен бірге ұрлап кетпек болған
Ақмола облысы Полиция департаментігің ақпаратынша, тәртіп сақшылары ерекше жағдайда жасалған көлік ұрлығы әрекетінің жолын кесті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
@aqmola_pd жарияланымынан
"Түнде дәмханада демалғаннан кейін Петропавл қаласының 26 жастағы тұрғыны мас күйінде біреудің Changan CS75 Plus маркалы көлігінің тізгініне отырған. Ең таңғаларлығы, сол сәтте көлік иесі алдыңғы жолаушылар орындығында ұйықтап жатқан", - деп хабарлады Ақмола облыстық ПД.
Ер адам небәрі 10 метрдей жүріп үлгерген - көлікті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатты.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның іс-әрекеті "Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз заңсыз иеленіп алу (айдап кету)" бабы бойынша сараланды", - деп нақтылады облыстық полиция.
Полицейлер қырағылық танытып, көлік қараусыз қалмаған күннің өзінде кілтті оталдыру құлпында немесе көлік ішінде қалдырмау қажеттігін ескертті.
