Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Винисиус “Реалдан“ бас тартты ма, не болып жатыр?

0
Мадридтік "Реал" мен Бразилия құрамасының басты жұлдыздарының бірі Винисиус Жуниор әлеуметтік желілерде клуб туралы ақпаратты алып тастады, деп хабарлайды Tengri Sport.
Футболдан әлем чемпионатынан кейін "Реал" сапына оралған 26 жастағы бразилиялық ойыншы күтпеген жерден Instagram-дағы барлық жазбасын жасырып, профиль сипаттамасынан мадридтік клубты өшіріп тастады.
Кейбір БАҚ бұл әрекетті Винисиустың мадридтік клубпен жаңа келісімшарт бойынша келіссөздері немесе тіпті басқа командаға ауысуының белгісі ретінде қабылдады.

"Винисиус Жуниор мадридтік "Реалдың" келісімшартты ұзарту туралы соңғы ұсынысынан бас тартты. Мәліметтер бойынша, "Реал Мадрид" аптасына 360 мың фунт стерлингтен сәл асатын жалақымен келісімшарт ұсынған", - деп жазды The Sun.

Осы жағдайға байланысты бразилиялықтың команда ауыстыруы мүмкін деген қауесет күшейе түсті - ағылшындық "Арсеналдың" бұл трансферді шешіліп қойған мәселе деп санайтыны айтылып жатыр.
Келіссөздердің барысы туралы инсайдер Фабрицио Романо да хабарлады. Оның айтуынша, "Реалдың" жаңа бас бапкері Жозе Моуриньо бразилиялықты құрамда алып қалуды талап етіп отыр.

"Жозе Моуринью Винисиус-кішімен жаңа келісімшарт туралы келіссөздерге жеке өзі қатысып жатыр, өйткені ол бразилиялықтың командада қалуын қалайды. "Реалда" оптимистік көңіл-күй басым: Жозе клуб басшылығына Винидің қалғанын қалайтынын жеткізді, сондай-ақ Винидің өзіне оның командадағы болашақ мансабына қатысты жоспарларын айтты", - дейді ол.


????⚪️ Жозе Моуринью Винисиус Жуниордың жаңа келісімшарты бойынша келіссөздерге жеке өзі араласуда, өйткені ол бразилиялықтың қалуын талап етіп отыр.Мадридтік "Реал" өздеріне сенімді, Жозе клубқа Винидің қалғанын қалайтынын және Виниге оның болашақ жоспарлары туралы айтты.pic.twitter.com/D8IHOlNvcV
- Fabrizio Romano (@FabrizioRomano) 6 тамыз, 2026 жыл
Айта кетейік, Винисиустың өзі де, "Реал" да келісімшарт төңірегіндегі жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Фото: instagram.com/vinijr/
Винисиус - "Реалдың" ең қымбат активтерінің бірі
Еске салсақ, бразилиялық ойыншы "Реалға" 2018 жылы келген болатын. Осы уақыт ішінде ол команда сапында 375 матч өткізіп, 128 гол соқты.
Ол үш рет Ла Лиганы және екі рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды, ал 2024 жылы көпшілік оны "Алтын допқа" басты үміткер санағанымен, бұл жүлде испандық Родриге бұйырды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Real Madrid C.F. (@realmadrid) жарияланымы


Transfermarkt порталының бағалауы бойынша Винисиустың құны 140 миллион еуроға жетеді - әлемде одан жоғары тек алты футболшы бар. Дегенмен, олардың екеуі - Мбаппе мен Беллингем - оның Мадридтегі командаластары.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса