Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған: “Байсат“ базары сатылды

0

Алматыдағы "Байсат" базары бірнеше әрекеттен кейін ақыры сатылды. Бұған дейін оған Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтан иелік еткен болатын. 2024 жылы Қайрат Сатыбалды базардың негізгі бөлігін мемлекетке өткізді, ал кейін сот активтің тағы бір бөлігін мемлекет меншігіне қайтарды. "Байсат" қаншаға сатылғаны туралы Tengrinews.kz материалынан оқыңыз.

"Байсат" базары қаншаға сатылды?

"Байсат" базарын сатуға бес реттен артық әрекет жасалды. Бұл жолы ол сауда-саттыққа 24,8 миллиард теңгеге шығарылды.

Сауда-саттыққа бір үміткер ғана қатысқанына қарамастан, базарды сатып алушы табылды. Аукцион бағаны көтеру әдісімен өтті. Жаңа иесі туралы ақпарат жарияланбады.

Аукциондағы "Байсат" базарының лоты. Фото sauda.e-qazyna.kz сайтынан

Базар құны қаншаға төмендетілді?

2025 жылдың қыркүйегінде "Байсат" алғаш рет 28,6 миллиард теңгеге сатылымға шығарылды, бірақ сауда-саттыққа ешкім келмеді. Сол жылдың аяғында бағасы 26 миллиард теңгеге дейін түсірілді. Алайда сатып алушылар тағы табылмады.

Одан кейін 2026 жылдың қаңтарындағы сауда-саттықта Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бұдан да үлкен жеңілдік жасап, базарды 24,7 миллиард теңгеге қойды. Дегенмен бұл бағаға да ешкім қызығушылық танытпады.

Сәуірде "Байсат" қайтадан саудаға шығарылды – бастапқы бағасы 28 639 882 000 теңге болды.

Сатып алушыларға не ұсынылды?

"Байсат" базары Алматының Жетісу ауданында, Солтүстік айналма жолы, 7 мекенжайында орналасқан. Ресми түрде ол "Көтерме-бөлшек сауда орталығы" компаниясына тиесілі.

Актив құрамына жалпы ауданы шамамен 13 гектар болатын екі жер учаскесі, сондай-ақ сауда павильондары, қоймалар, әкімшілік ғимарат, асхана, бақылау-өткізу пункті және басқа да шаруашылық нысандары кіреді.

e-qazyna.kz сайтынан скриншот

Негізінен, бұл азық-түлік, киім-кешек, сантехника, құрылыс материалдары мен басқа да тауарлар сатылатын сауда қатарлары мен павильондары бар ірі базар.

e-qazyna.kz сайтынан скриншот

Мамандардың бағалауынша, "Байсат" орта бизнес санатына жатады. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында базар негізінен сауда алаңдарын жалға беру есебінен 1 миллиард теңгеден астам табыс тапты.

Неге Сатыбалдыдан базарды тартып алды?

Қайрат Сатыбалды 2022 жылы алты жылға сотталды. Тергеу ол "Қазақтелекомға" 12 миллиард теңгеден астам шығын келтіргенін анықтады.

2023 жылы Сатыбалдыға қатысты жаңа эпизодтар бойынша тергеу жүргізілді. Ол ақшаны жылыстату ісі бойынша кінәсін мойындады.

Сол кезде Сатыбалды "Байсат" базарының үлкен бөлігін мемлекетке ерікті түрде өткізді. Бизнес оның ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға рәсімделген болатын.

Бірақ бұл оқиға мұнымен аяқталған жоқ. 2024 жылдың қаңтарында прокуратура сот арқылы базардың тағы бір бөлігін мемлекетке қайтарды. Сот қазіргі уақытта "Байсаттың" құрамына кіретін "Холдинг Алматы жылу" кешенінің мүлкімен жасалған мәмілелерді заңсыз деп таныды.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса