Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Нигердегі жантүршігерлік жол апатынан ондаған адам қаза тапты

0

Нигерде екі автобус соқтығысып, салдарынан кемінде 22 адам қаза тапты. Бұл туралы Көлік және азаматтық авиация министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Agence Nigérienne de Presse-ге сілтеме жасап.

Нигердің көлік және азаматтық авиация министрі, генерал-майор Абдурахаман Амаду дүйсенбіге STM және SONITRAV көлік компанияларының өкілдерін шақыртты. Бұл компаниялардың автобустары 7 тамызда сағат 08:00 шамасында Мадауа департаментіндегі Рези ауылынан бірнеше шақырым жерде, Дуку-Дукудан шыға берісте жантүршігерлік жол апатына ұшыраған болатын.

Көлік және азаматтық авиация министрлігінің 8 тамызда жариялаған мәлімдемесіне сәйкес, апат Мадауадан келе жатқан STM компаниясының автобусы мен Зиндерден шыққан SONITRAV автобусының бетпе-бет соқтығысуынан болған. Екінші автобуста негізінен оқуын аяқтаған әскери қызметшілер болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 22 адам оқиға орнында көз жұмды, оның 17-сі - әскерилер. Тағы 37 адам түрлі жарақат алды.

Нигердегі жол апатына ұшыраған автобустардың бірі. Фото: facebook/anp.ne

Қайғылы оқиғаға байланысты көлік және азаматтық авиация министрі ел президенті, Отанды қорғау жөніндегі ұлттық кеңес (CNSP) және үкімет атынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Министр зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Хабарламада жолаушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығына көлік компаниялары толық жауапты екені баса айтылған. Олар жол қозғалысы қауіпсіздігінің қолданыстағы талаптарын қатаң сақтауға, көлікке тұрақты техникалық қызмет көрсетуге, сондай-ақ, жүргізушілердің еңбек және демалыс жағдайларына қатысты ережелердің орындалуын қадағалауға міндетті.

Апаттан кейін Көлік министрлігі арнайы жиын өткізуді жоспарлап отыр. Онда қасіреттің мән-жайы қаралып, жолдарда мұндай жағдайларды болдырмау үшін "батыл әрі ұзақ мерзімді шаралар" белгіленбек.

Ведомство өкілдері көлік компанияларына қолданыстағы заңнамада қарастырылған санкциялар қолданылатынын нақтылады.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса