Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

+38 градус, артынша ыстық басылады: Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

0

"Қазгидромет" синоптиктері Алматы мен Астанада 11, 12 және 13 тамызда ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы

11 тамыз көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +36...+38 градус қатты ыстық болады.

12 тамыз көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр, түнде екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +27...+29 градус.

13 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +28...+30 градус.

Алматыдағы ауа райы

11 тамыз көшпелі бұлт шығады, күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +33...+35 градус қатты ыстық болады.

12-13 тамызда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +34...+36 градус қатты ыстық болады.

Қазақстанда тұман түсіп, нөсер жауады, кей жерлерде ыстық +44 градусқа дейін жетеді

Бұған дейін синоптиктер таяу күндері Қазақстанда құбылмалы ауа райы күтілетінін айтқан болатын. Кей өңірлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін, ал оңтүстікте ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі. Ауа райының толық болжамы осы жерден оқыңыз.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса