Алакөлдегі төтенше жағдай: демалушылар балықтардың жаппай қырылғанын айтты
Тұрғындар бұл жағдайды ықтимал экологиялық төтенше жағдаймен байланыстырып, балықтардың қырылуы жаппай сипат алып жатқанын айтты. Куәгерлердің айтуынша, өлі балықтар жағалауда жатыр.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
АСТАНА МЕДИАЦЕНТР ???????? (@astanamediacenter) жариялаған жазба
"14.08.2026 күні Алакөл ауылына қарама-қарсы жағалауда (Қоянды шығанағы) болдық, сол жерде жағалау бойында балықтардың қырылғанын көрдік. Қалай ойлайсыздар, бұл аптап ыстықтан ба, әлде басқа себебі бар ма?" - деп жазды куәгерлердің бірі.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алакөл көлі және соған қатыстының бәрі (@alakol_kz) жариялаған жазба
"Алакөл, сол жағалау. Балықтар қырылып жатыр, өкінішті. Жағада қаншамасы жатыр, қараңыздаршы. Бәрі - көксерке. Себебі не екені қызық. Жанармайдан ба екен? Бір шара қолданыңыздаршы", - деді тағы бір куәгер.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
ТАЛДЫКОРГАНЕЦ. Қайрат Әбдірахманның жарияланымы (@taldykorganec.insta_)
Пікір қалдырушылар балықтың неден қырылғаны туралы түрлі болжамдар жасап жатыр. Кейбіреулер суға жанармай қалдығы төгілгеннен болуы мүмкін десе, енді біреулер судың тым ысып кетуінен оттегі жетіспей, көксеркелердің қырылып жатқанын айтады.
Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бұл видеожазбалар бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Тексеру нәтижелері бойынша қосымша ақпарат инспекцияның ресми парақшасында Instagram жарияланады", - делінген хабарламада.
