Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Мектеп формасын сатып алу: Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

0

Қазақстанда мектептер ата-аналарды форманы белгілі бір өндірушіден немесе нақты дүкеннен сатып алуға мәжбүрлеуге құқылы емес. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова ескертті, деп хабарлайды Tengri Education.
Ақпарованың айтуынша, Қазақстанда міндетті мектеп формасына қойылатын ортақ талап бар. Бұл ретте киімнің үлгісі мен түсін әр мектеп ата-аналармен немесе нақты мектептің қамқоршылық кеңесімен бірлесіп айқындайды.

"Ата-аналар өндірушіні өздері таңдайды. Білім беру ұйымдарына қандай да бір нақты өндірушіні ұсынуға рұқсат етілмейді - бұл ата-аналардың еркінде", - деді вице-министр.

Егер директор немесе мұғалім форманы белгілі бір сатушыдан сатып алуды талап етсе, ата-аналар білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаментке немесе тікелей Оқу-ағарту министрлігіне жүгіне алады.

"Біз міндетті түрде тиісті шаралар қолданамыз, себебі бұйрықта мұндайға жол берілмейтіні нақты көрсетілген. Мұндай жағдайда басшының жауапкершілігі қаралады", - деп атап өтті Ақпарова.

Қазақстанда мектеп формасын сатып алу
2026 жылдың шілдесінде Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектеп-гимназия оқушыларының ата-аналары форманың өзгеруі мүмкін екеніне және оны белгілі бір дүкеннен сатып алу туралы ұсынысқа шағымданды.
Облыстық білім басқармасы жаңа форма бекітілмегенін мәлімдеп, ата-аналарды нақты бір өндірушіден, брендтен немесе белгілі бір сауда нүктесінен сатып алуға мәжбүрлеуге тыйым салынғанын еске салды.
“Менің ұлым қызғылт түсті киім кимейді“: Алматы іргесінде мектеп формасы ата-аналар наразылығын тудырды
2025 жылы қазақстандықтар міндетті мектеп формасын алып тастау туралы петиция жариялады. Ата-аналардың бірі мектеп киім үлгісін ғана емес, дүкенді де белгілеп бергенін, салдарынан екі балаға арналған киім жиынтығы жейделерді есептемегенде отбасына шамамен 130 мың теңгеге түскенін айтты.
Тағы оқыңыз: Қазақстандағы мектеп формасы: ата-аналар нені білуі керек?




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса