Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Электрмобильге арналған үйдегі зарядтау станциясын қалай таңдау керек: нұсқаулық

0

Үйдегі қуаттау станциясы бірнеше жүз мың теңге тұруы мүмкін, алайда әрдайым ең қуатты модельді таңдаудың қисыны жоқ. Қуаттау жылдамдығы тек станцияның сипаттамасына ғана емес, сонымен қатар электрмобильдің мүмкіндіктері мен үйдің электр желісіне де байланысты.
Tengri Auto 7, 11 және 22 киловаттық үй қуаттау станцияларының айырмашылығын, электрмобильге іс жүзінде қандай қуат қажет екенін және сатып алып, орнату алдында не нәрсеге назар аудару керектігін анықтап көрді.
Неге қуатты станция әрдайым жылдам қуаттай бермейді?
Әрбір электрмобильде кірістірілген борттық қуаттау құрылғысымен белгіленген айнымалы токпен (AC) қуаттаудың шекті қуаты болады. Көліктің үй станциясынан қанша энергия ала алатыны дәл осыған байланысты.
Сондықтан "станция неғұрлым қуатты болса, көлік соғұрлым жылдам қуатталады" деген ұстаным әрдайым іске аса бермейді. Мысалы, егер электрмобиль айнымалы токпен ең көбі 11 киловатт қабылдай алса, 22 киловаттық станцияға қосылу процесті жылдамдатпайды - көлік бәрібір өзіне қолжетімді 11 киловатты ғана алады.
Сондықтан станцияны сатып алмас бұрын, алдымен нақты автокөлік моделінің борттық қуаттау құрылғысының сипаттамаларын тексерген жөн. Бұл іс жүзінде қандай қуат қажет екенін және анағұрлым өнімді станция үшін артық төлеудің мәні бар-жоғын түсінуге мүмкіндік береді.
Шартты түрде үйдегі AC-станцияларды үш санатқа бөлуге болады:

7 киловатт;
11 киловатт;
22 киловатт.

Егер көлік тек 7 киловатт қабылдауға қабілетті болса, 22 киловаттық станция орнату қуаттауды жылдамдатпайды.
Фото: depositphotos.com
Бұл ретте 22 киловаттық станция электр желісіне айтарлықтай жоғары талаптар қояды. Оның толыққанды жұмыс істеуі үшін, әдетте, үш фазалы қосылым және жеткілікті бөлінген қуат қажет.
Сондықтан сатып алмас бұрын тек электрмобильдің мүмкіндіктерін емес, үйдің электр желісінің параметрлерін де тексеру маңызды: ол қосымша жүктемені көтере ме және жалпы станцияны мәлімделген қуатта пайдалануға мүмкіндік бере ме?
Жабдықты өз бетінше орнатуға болмайды. Электрші маманы кіріс автоматын, кабельді, қалқанды, жерге тұйықтауды және қолжетімді қуатты тексеруі тиіс. Қуаттау станциясына арналған жеке желінің де тиісті қорғанысы болуы керек.
7, 11 немесе 22 киловатт па?
Көлігін түнде қуаттауға қалдыратын электрмобиль иелерінің көпшілігі үшін 7 киловаттық станция жеткілікті болуы әбден мүмкін. Мысалы, сыйымдылығы 60 киловатт-сағат болатын батарея теориялық тұрғыдан 0-ден 100 пайызға дейін шамамен 8,5 сағатта қуатталады.
11 киловаттық станция бұл уақытты шамамен 5,5 сағатқа дейін, ал 22 киловаттық станция 3 сағатқа дейін қысқартады. Алайда бұл тек болжамды есептеу. Іс жүзінде жылдамдық көліктің борттық қуаттау құрылғысының мүмкіндіктеріне, батареяның ағымдағы қуат деңгейіне, температураға және энергияның міндетті түрдегі шығындарына байланысты болады.
Сондықтан негізінен күнделікті қала ішінде жүруге пайдаланылатын және түнде үйде бірнеше сағат тұратын электрмобиль үшін ең жоғары қуатты станцияға артық ақша жұмсау әрдайым тиімді емес.
Күнделікті пайдалану үшін станцияның максималды қуаты емес, көліктің түнгі тұрақ кезінде күні бойы жұмсалған қуатты толтырып үлгеруі маңыздырақ.
Қазақстанда үйде қуаттау қанша тұрады?
2026 жылдың тамызындағы жағдай бойынша, Қазақстандағы үйдегі AC-станциялардың құны айтарлықтай ерекшеленеді және жабдықтың қуатына, өндірушісіне және жиынтықталуына байланысты болады.
Мәселен, қазақстандық сатушылардың бірінде қуаты 7-ден 22 киловаттқа дейінгі станциялар 285 000-нан 400 000 теңгеге дейін тұрады, ал монтаждау жұмыстары кем дегенде тағы 60 000 теңгені құрайды. Басқа сатушыда 11 киловаттық станция 230 000 теңгеге ұсынылған. Сондай-ақ нарықтан қуаты 22 киловатт болатын Type 2 қуаттау станцияларын шамамен 365 000 теңгеге табуға болады.
Бұл ретте құрылғының бағасы - болашақ шығындардың бір бөлігі ғана. Орнату алдында үйдің электр желісінің мүмкіндіктерін бағалау қажет, ал кейбір жағдайларда кабель жүргізуге, қорғаныс автоматикасына, қолжетімді қуатты арттыруға және басқа да электр монтаждау жұмыстарына қосымша ақша жұмсауға тура келеді.
Үйге қуаттау құрылғысын сатып алу тек станцияның құнымен шектелмейді: түпкілікті сома электр желісінің жағдайына және қосылу күрделілігіне байланысты.
Тағы не үшін төлеуге тура келеді?
Орнатудың жалпы құны бірнеше позициядан құралады:

қуаттау станциясы;
кабель;
қорғаныс автоматы;
қорғаныстық ажырату құрылғысы немесе дифференциалды қорғаныс;
қажет болған жағдайда электр қалқаны;
монтаждау;
кабель жүргізу;
егер щиттен тұрақ орнына дейінгі қашықтық алыс болса, қосымша жұмыстар қажет болады.

Сайттардағы мәліметтер бойынша, электр монтаждау жұмыстары 11 киловаттық станция үшін 120 000-нан 300 000 теңгеге дейін тұруы мүмкін. Кабель ұзындығы 15 метрден асса немесе қабырғаны тесу қажет болса, құны тағы 50 000–100 000 теңгеге өседі.
Сол себепті 230 000 теңге тұратын станция орнатылғаннан кейін құны 400 000–600 000 теңгеге жететін жобаға айналуы әбден мүмкін.
Нені үнемдеуге болады?
Ең алдымен, автомобиль де, үйдің электр желісі де пайдалана алмайтын артық қуат үшін артық төлеудің қажеті жоқ.
Бұл қосымша функцияларға да қатысты. Кейбір станциялар зарядтауды қосымша арқылы басқаруға, кесте орнатуға, қуатты реттеуге және электр энергиясын тұтынуды бақылауға мүмкіндік береді. Біреулер үшін бұл мүмкіндіктер өте ыңғайлы, бірақ оларды пайдалануды жоспарламасаңыз, қарапайым үлгіні таңдауға болады.
Кәдімгі түнгі зарядтау үшін қажетті қорғаныс жүйелері бар, қуаты сәйкес келетін сенімді станция жеткілікті. Ал электр монтаждау сапасы мен қорғаныс жабдықтарынан үнемдеуге мүлдем болмайды.
Type 2 немесе GB/T: сәйкес келетін станцияны сатып алу шін не істеу керек?
Сатып алмас бұрын зарядтау станциясының автомобильге сәйкес келетініне көз жеткізу маңызды. Қазақстан нарығында Type 2 және GB/T стандарттары бар құрылғылар кездеседі, сондықтан қолайлы қуат жабдықтың нақты сіздің көлігіңізге сәйкес келуіне кепілдік бермейді.
Алдымен электрмобильдің қосқыш түрін анықтап, содан кейін ғана станцияны қуаты, бағасы және басқа сипаттамалары бойынша таңдаңыз.
Фото: depositphotos.com
Ал егер автомобиль паркингте тұрса ше?
Көппәтерлі үйлер үшін жағдай күрделірек.
Қазақстан ТЖМ электрмобильдер мен зарядтау станцияларын орналастыру талаптары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтермен белгіленгенін көрсетеді. Бұл ретте зарядтау станциясын орнату үшін азаматтық қорғау органдарынан рұқсат алу талап етілмейді.
Дегенмен, бұл станцияны жай ғана сатып алып, жақын жердегі розеткадан кабель тартып, пайдалана беруге болады дегенді білдірмейді.
ТЖМ сондай-ақ зарядтау станцияларын орнату жобалық құжаттамаға сәйкес орындалуы тиіс екенін ескертеді. Бұдан бөлек, электр желілеріне өз бетінше қосылуға тыйым салынады.
Жабық паркингтер үшін өрт қауіпсіздігінің жеке талаптары қолданылады. Атап айтқанда, зарядтау жабдығы бар орындар белгіленген талаптарға сай болуы керек, ал зарядтау инфрақұрылымы өрт дабылы мен өртті автоматты түрде сөндіру қондырғысы іске қосылғанда ажыратылуы тиіс.
Сондықтан паркингке станция сатып алмас бұрын, алдымен орнату мәселесін басқарушы ұйыммен және электрмен жабдықтау маманымен талқылау қажет. Бұл мәселені біздің материалдан толығырақ біле аласыз.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса