Астанада Кравцов көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады
Астанадағы Кравцов көшесінде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto.19-22 тамыз аралығында Уәлиханов көшесінен Тәшенов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Дегенмен жүргізушілер үшін бір жақ бетімен екі бағытта да жүру мүмкіндігі сақталады.
Фото Astana news Telegram-арнасынан
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын жоспарлау кезінде уақытша шектеулерді алдын ала ескеру сұралады. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі мен қолайлығын қамтамасыз ету үшін учаскеде уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.
Астанада қай жолдар жабық?
Бұдан бөлек, Астанада басқа да жол қозғалысына қатысты шектеулер өз күшінде қалып отыр.
11 тамыздан 30 тамызға дейін жол төсемін жөндеу жұмыстарына байланысты Шоқан Уәлиханов көшесінен басталатын учаскеде қозғалыс ішінара шектелген.12 тамыздан 20 тамызға дейін KAZ-01 автожолының 1121–1186 шақырым учаскесінде қозғалыс уақытша шектелген.15 тамыздан жыл соңына дейін Алматы көшесінің Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскесінде қозғалыс шектелген. 20 шілдеден бастап Алматы көшесінің Ақмешіт көшесінен Сауран көшесіне дейінгі учаскесі толығымен жабылды.
Тағы оқыңыз: Астана – Алматы тасжолында қозғалысқа шектеу қойылды
