Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ұлдана Мырзуанның күйеуі неге жәбірленуші мәртебесінен бас тартқанын айтты

0

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот талқылауы жалғасып жатыр. Былтыр күзде ол қаптама мен кондиционердің құлауынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін оқиға орнына барған кезде жарақат алған болатын. Біраз уақыттан кейін фельдшер ауруханада қайтыс болды.
Tengrinews.kz тілшісі сот отырысына қатысып жатыр. 20 тамызда өткен отырыста марқұм Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел сөз сөйледі. Ол неге жәбірленуші мәртебесінен бас тартуға шешім қабылдағанын айтып берді.
Прокурор Саяжан Серікова Әділет Зейнелден өтінішхатта көрсетілгендей, жәбірленуші мәртебесінен өз еркімен бас тартып отырған-отырмағанын сұрады.
- Айтыңызшы, сізді жәбірленушілер қатарынан шығару туралы өтінішхатыңыз - өз еркіңізбен қабылданған шешім бе? - деп нақтылады прокурор Саяжан Серікова.- Бұл менің өз еркіммен қабылдаған шешімім, - деп жауап берді Әділет Зейнел.
Айта кетейік, Әділет Зейнел сотта жауап беріп, жұбайы қайғылы жағдайға тап болған күннің мән-жайын айтты. Сондай-ақ ол сотқа жұбайының қазасы туралы қалай білгенін хабарлады.
"20 миллионды қолма-қол берді". Ұлдана Мырзуанның күйеуі алған ақшасы туралы айтты
Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі
18 тамызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Істі судья Меруерт Абаева жүргізіп жатыр.
Процеске екі мемлекеттік айыптаушы Нұрдәулет Әбуов пен Саяжан Серікова, қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Омарова және марқұмның жұбайы Әділет Зейнел қатысуда.
Бұған дейін оның адвокаты Мұрат Мәуметов журналистерге Әділет Зейнелдің жәбірленуші мәртебесінен Ұлдананың анасының пайдасына бас тартатынын айтты. Алайда кейіннен сот бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты. Зейнелдің өзі журналистерге қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.
Сотталушылар орындығында қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрайымы Сәуле Жұбаниязова отыр. Өткен сот отырысында ол өзін кінәсіз деп санайтынын мәлімдеді.
Ұлдананың анасының адвокаты Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы – "Міндеттерге адал қарамау" бойынша қаралып жатыр.
Тікелей көрсетілімді YouTube-арнамыздан көруге болады.

Қайғылы оқиға қалай болды?
2025 жылғы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылы, 24 Б мекенжайындағы тоғыз қабатты үйдің қасбетінен кірпіш қаптама құлаған. Салдарынан бес адам зардап шекті. Олар №1 көпбейінді ауруханаға жатқызылды.
Бір пациенттің жағдайы өте ауыр болды, оған ота жасалды. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатты, дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалады. Қалған екі адам бөлімшеге орналастырылды, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланды.
Ең ауыр жарақат алған пациент - оқиға орнына жеткен жедел жәрдем фельдшері, 23 жастағы Ұлдана Мырзуан болып шықты. Қыздың туыстарының айтуынша, ол зардап шеккендерге алғашқы болып көмекке ұмтылған. Олардың арасында бала, оның анасы және туысы болған. Ұлдана зардап шеккендерге қарай жүгірген кезде, "үстіне кірпіш мен кондиционердің бекіткіші құлаған". 18 қарашада ол ауруханада көз жұмды.
Оқиғадан кейін полиция Қылмыстық кодекстің 278-бабы "Сапасыз құрылыс" бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін істе тағы бір бап пайда болды – 306-бап "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету".

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлдана Мырзуанды ерлігі, жанқиярлығы және міндетін үлгілі атқарғаны үшін "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады. Қазақстандықтар жедел жәрдем фельдшерімен қалай қоштасқаны туралы мына материалда.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса