Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

58 жасында елдің жартысын артқа тастады: танымал марафоншы ыстық пен шаршағанына қарамастан Алматыға бет алды

0
58 жастағы ультрамарафоншы Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Астанадан Алматыға дейінгі жолын жалғастырып келеді. Кейінгі екі кезеңде қатысушылар 300 шақырымнан астам жолды еңсерді, ал спортшының өзі мәре жақындаған сайын жүктеме ауырлай түскенін айтады, деп хабарлайды Tengri Life.
Күні кеше Әлімғазинов Мыңаралдан шыққан жолдағы кішігірім оқиғасы туралы айтып берді. Маңайдағы төбелерді көрген ол солардың біріне шығып қайтуды ұйғарады, ал шәкірттері жолды айналып өтуді жалғастырған.

"Бүгін шәкірттерімді біраз әбігерге салып қойдым. Мыңаралдан шыққан соң жол бойындағы төбелерді көріп, соның біріне көтеріліп, жеріміздің көркін биіктен тамашалағым келді. Шәкірттерім болса, төбені айналып өтіп кеткен. Арттарына қараса, мен жоқпын. Содан абдырап, іздей бастапты. Көп ұзамай төбенің басында жүргенімді байқапты. Қайта кездескенде, бәріміз осы оқиғаға күліп алдық", - деді Әлімғазинов.

Осыдан кейін қатысушылар Үлкен ауылы арқылы өтіп, Балқашқа шомылып, күнді Шығанақта аяқтады. Бұл кезеңде олар 170 шақырымға жуық жол жүрген.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Меңдібай Әлімғазиновтың (@mendybaialimgazinov) жарияланымы


Сондай-ақ Әлімғазинов жол бойында көмек көрсетіп жатқан жергілікті тұрғындарға алғыс айтты.

"Жолымыз кейде екіге айырылса да, ең бастысы, ортақ мақсаттан адаспау. Бастаған ісімді соңына дейін жеткіземін. Сондықтан Алматыға қарай сапарымды жалғастырып келемін", - деп жазды ол.

Команда Шығанақтан әрі қарай аттанып, Ақсүйекке дейін тағы 140 шақырымнан аса жол жүрді. Жаңа жазбасында спортшы жол бойында жиналған шаршау сезімі туралы айтты.

"Алматыға жетуге аз ғана қалды. Бірақ дәл осы соңғы шақырымдар ең ауыр тиіп жатыр. Жасым да бұрынғыдай емес, оның үстіне жол бойы жиналған шаршау бар. Аптап ыстықта аяқ кейде жүрмей қалады, ал алдағы жол бітпейтін өр сияқты көрінеді", - деп жазды Әлімғазинов.

Оның айтуынша, бұл кезеңде маршрутты бірге еңсеріп келе жатқан шәкірттерінің қолдауы ерекше маңызды болды.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Меңдібай Әлімғазиновтың (@mendybaialimgazinov) жарияланымы



"Қазір шәкірттерімнің көмегіне көбірек сүйеніп келемін. Осындай қиын кезеңде жанымнан табылып, демеу көрсетіп жүрген жігіттерге ризамын", - деді спортшы.

Соған қарамастан ол сапарын тоқтатуды жоспарлап отырған жоқ.

"Жасыратыны жоқ, қазір өте ауыр. Бірақ осы істі қолға алған екенбіз, міндетті түрде соңына дейін жеткіземіз", - деп жазды Әлімғазинов.

Астанадан Алматыға дейінгі 1300 шақырым
Меңдібай Әлімғазинов 10 тамызда екі шәкіртімен бірге Астанадан жолға шыққан болатын. Ол өз бағытын "Құрылтайға жол" деп атады. Команда 1300 шақырымға жуық жолды еңсеріп, Алматыға 23 тамызға - Құрылтай депутаттарын сайлау күніне дейін жетуді көздеп отыр. Бастапқыда қатысушылар күніне шамамен 100 шақырым жол жүруді жоспарлаған.
Әлімғазинов үшін ұзақ қашықтықтар таңсық емес. Ол марафондық жүгірумен 30 жылдан астам уақыт бойы айналысып келеді. 2018 жылы спортшы он ультрамарафоншыдан тұратын команда құрамында Астана мен Алматы арасындағы маршрутты басып өткен болатын - ол кезде қатысушылар 1300 шақырымды эстафета форматында алты күнде жүріп өткен.
Әлімғазинов бұл жолғы сапарын алдағы сайлаумен байланыстырды. Ол жорық басталмай тұрып-ақ, бұл жүгірудің мақсаты - азаматтардың дауыс беруге қатысуына назар аударту екенін айтқан болатын.
Спортшы бұл тақырыпты жол бойындағы жазбаларында да көтеріп жүр.

"23 тамызда әркім өз сайлау учаскесіне барады. Біреуге оған жету үшін бірнеше минут қана қажет болуы мүмкін, бірақ сол қадамның мәні зор. Елдің ортақ таңдауы әр адамның дауысынан құралады", - деп жазды ол кеше.

Кейінгі үндеуінде Әлімғазинов қазақстандықтарды тағы да сайлауға келуге шақырды.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса