Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ақтөбеде ЖЖМ айдау станциясы өртенді

0

Ақтөбеде жанар-жағармай материалдарын айдайтын сорғы станциясының ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Өрт Ақтөбе қаласының Алматы ауданында, 41-ші разъезде болған. ЖШС аумағында ЖЖМ айдауға арналған сорғы станциясының жеке тұрған бір қабатты ғимараты өртенген.
Өрттің аумағы 126 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері тілсіз жауды жедел ауыздықтады. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда базар аумағындағы өрт сөндірілді. Тілсіз жау бес бутикті шарпыған, алайда құтқарушылар өрттің көрші жайларға таралуына жол бермеді.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса