Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Сайлау учаскесіндегі фото: не істеуге болады және неге тыйым салынады?

0

Сайлау күні сайлаушылар учаскеге барған сәтін естелікке суретке түсіру немесе дауыс беру барысын көрсету мақсатында таспаға басуды қалауы мүмкін. Алайда бұл ретте белгілі бір шектеулер бар. Олар туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қандай шектеулер бар?
Қазақстандықтарға сайлау учаскелерінде суретке түсуге рұқсат етілген.
Дегенмен, бұл ретте толтырылған бюллетеньді адамның кімге дауыс бергені көрінетіндей етіп суретке түсіруге және ондай фотоны таратуға болмайды.

"Сайлаушының сайлау учаскесінде суретке түсу құқығы шектелмейді. Егер сайлаушының таңдауы, яғни қай партияға дауыс бергені көрінбейтін болса, урнаның жанында немесе бюллетеньді тастап жатқан сәтте суретке түсуге болады. Дауыс беру күнінен кейін мұндай материалдарды таратуға қойылған тыйым өз күшін жояды", – деді Ләззат Сүйіндік.

Сондай-ақ ОСК сауалнама нәтижелері мен болжамдарды жариялауға қатысты шектеулерді бөлек еске салды. Дауыс беруге бес күн қалғанда және сайлау күні бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда қоғамдық пікір сауалнамаларының нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын және сайлауға қатысты басқа да зерттеулерді жариялауға тыйым салынады.
Дауыс беру күні қоғамдық пікір сауалнамаларын тікелей дауыс беру үй-жайында немесе пунктінде өткізуге болмайды.
Экзитполдар бұған жатпайды. Оларды ОСК-ға алдын ала хабарлаған ұйымдар өткізе алады. Мұндай ұйымдардың тізімі комиссияның ресми сайтында жарияланған.
Дауыс беру қашан өтеді?
23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл 1991 жылдан бергі елдегі оныншы парламенттік сайлау және жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау болмақ.
Сайлауға 7 партия қатысып жатыр. Партиялық тізімдердің сандық құрамы келесідей бөлінді:

"Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы – 63 кандидат;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 69 кандидат;
"Әділет" партиясы (құрамына Amanat партиясы кірген) – 186 кандидат;
"Байтақ" Қазақстан жасылдар партиясы – 47 кандидат;
Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) – 72 кандидат;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 33 кандидат.
Respublica партиясы – 76 кандидат.

Еске сала кетейік: 1 шілдеден бастап Қазақстан ресми түрде "жаңа дәуірге" қадам басты – елде жаңа Конституция өз күшіне енді.
Конституциялық реформадан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, ал олардың депутаттары таратылды. Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай жұмыс істейтін болады. Сайлау қорытындысы бойынша жаңа Парламентке 145 депутат кіреді.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса