Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасайды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстан халқына үндеу жасайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Президенттің үндеуі сағат 19:00-де республикалық телеарналардан көрсетіледі.
Еске сала кетейік, 23 тамызда Қазақстанда жаңа Парламент – бірпалаталы Құрылтай сайланады. Бұл конституциялық реформадан кейінгі алғашқы парламенттік сайлау: Сенат пен Мәжіліс таратылып, екіпалаталы Парламенттің орнына 145 депутаттан тұратын бірпалаталы Құрылтай келеді.
Жаңа заң шығарушы органдағы орындарға жеті партия таласып жатыр. Ең көп кандидатты "Әділет" партиясы ұсынды – 186. Одан кейін "Ауыл" – 69, Respublica – 76, Қазақстан Халық партиясы – 72, "Ақ жол" – 63, "Байтақ" – 47 және ЖСДП – 33 кандидат.
Сайлаудан кейін Парламенттің бұрынғы форматы бірпалаталы жаңа жүйеге толықтай алмастырылады.
Ал 1 шілдеден бастап елде жаңа Конституция күшіне енді. Әрбір қазақстандыққа тікелей қатысы бар өзгерістер туралы толығырақ мына сілтемеден оқыңыз.
