Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Екі күнге тауға кеткен қазақстандықты тікұшақпен алып қайтуға тура келді

0

Жетісу облысының Ақсу ауданында құтқарушылар бірнеше күн бойы тауда қалған ер адамды тапты. Оны іздеуге тікұшақ жұмылдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ-нің ресми Telegram арнасына сілтеме жасап.
19 тамызда ер адам тауға шығып, екі күннен кейін қайтуды жоспарлаған. Алайда үшінші күні де оралмай, байланысқа шықпаған соң туыстары 112 нөміріне хабар берген.
Іздестіру жұмыстарына ТЖМ қызметкерлері мен "Қазавиақұтқару" тікұшағы тартылды.

"Ер адам шамамен 2000 метр биікте тігілген шатырдың ішінен табылды. Жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болған жоқ", — деп хабарлады ведомство.

Құтқарушылар оны қауіпсіз жерге жеткізіп, кейін тау етегінде қалдырған көлігіне дейін шығарып салды.
Бұған дейін Алматы тауларында серуендеген тағы бір туристке құтқарушылардың көмегі қажет болған. БАӘ-ден келген турист адасып, кері жолды таба алмай қалған.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса