Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30
31

Сайлау күні желіде жазба жариялаған алматылыққа айыппұл салынды

0

Сайлау күні дауыс берген бюллетеньнің суретін жариялаған алматылық жауапқа тартылды. Бұл туралы Бас прокуратура Аппаратының басқарма басшысы Ерлан Жанпейсов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, әйел дауыс беру күні үгіт-насихат жүргізуге салынған тыйымды бұзған. Ол өз кінәсін мойындап, жазбаны өшіріп тастады.

"Алматы тұрғыны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 102-бабы бойынша жауапқа тартылды, ол өз кінәсін мойындап, жазбасын өшірді. Осыған байланысты біз заңды сақтауға тағы да шақырамыз", – деді Бас прокуратура өкілі.

Жанпейсов дауыс берілген бюллетеньнің фотосы немесе видеосы және оларды тарату да үгіт-насихат ретінде бағалануы мүмкін екенін атап өтті.
Сонымен қатар, қазір дауыс беру тыныш өтіп жатыр. Прокуратура органдарына сайлау бойынша өтініштер түскен жоқ, соттарға да талап арыздар берілмеген.
Сайлау күні не істеуге тыйым салынады?
Сайлау күні қазақстандықтарға толтырылған бюллетеньді суретке немесе видеоға түсіруге, содан кейін оны интернетте жариялауға болмайды. Бұл шектеу дауыс беру құпиялығына байланысты.
Анықтама: Егер фотода немесе видеода сайлаушының қай партияға дауыс бергені көрініп тұрса, жазба оның оның таңдауын ашып көрсетеді. Сонымен қатар, дауыс беру күні сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынғандықтан, мұндай жазбалар үгіт-насихат ретінде бағалануы мүмкін.
Бұл ретте сайлау учаскесінде, егер сайлаушының таңдауы көрінбейтін болса, суретке түсуге болады. Мысалы, жәшіктің қасында немесе бюллетеньді жәшікке салып жатқан сәтте суретке түсуге рұқсат етіледі. Сондай-ақ, сайлау күні әлеуметтік желілерде белгілі бір партияға немесе кандидатқа дауыс беруге көпшілік алдында шақыруға болмайды.
Белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін айыппұл қарастырылған.
Айыппұл мөлшері:

жеке тұлғалар үшін – 15 АЕК (2026 жылы 55 380 теңге);
шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар үшін – 20 АЕК (73 840 теңге);
орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 25 АЕК (92 300 теңге);
ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 35 АЕК (129 220 теңге).

Еске салайық, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша Құрылтай сайлауына келу көрсеткіші 50 пайыздан асты.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса