Дастан Сәтпаевтың “Реал” формасындағы күтпеген суреті пайда болды
Мәдина Сәтпаеваның айтуынша, бұл фотоны оған оқырманы жіберген және ол 2015 жылы түсірілген екен.
"Фотоны оқырманым жіберді. Астана, 2015 жыл. Сақтап қойыпты, күтпеген сый болды", - деп жазды Мәдина әлеуметтік желіде.
Бұл ретте ол да, Дастан Сәтпаев та суреттегі баланың нақ өзі екенін ресми растамады, алайда желідегі жанкүйерлер бұған еш күмән келтірмейді.“Тарихта алғаш рет“: “Бёрнли“ Сәтпаев туралы жаңа мәлімдеме жасады
"Дастан бала кезінен "Реал" формасын киген"; "Біз бәріміз бала кезде осыны киетінбіз. Тіпті "Барселонаның" нағыз жанкүйері болсақ та"; "Дастан "Барселонаның" жанкүйері сияқты еді", - деп таңғалысты жанкүйерлер сурет жарияланған жазба астында.
Жанкүйерлердің таңғалуына негіз бар, өйткені "Қайраттың" баспасөз қызметі түсірген видеолардың бірінде Дастан Сәтпаев Еуропадағы сүйікті клубы мадридтік "Реалдың" бітіспес қарсыласы - "Барселона" екенін айтқан болатын.
Суретке қарағанда, 10 жыл ішінде Дастанның клубтық таңдауы өзгерген сыңайлы.
Фото: instagram.com/madina01m/
Дастан Сәтпаев Англиядағы алғашқы матчін өткізді
Еске сала кетейік, биылғы жаздан бастап Дастан Сәтпаев еуропалық мансабын бастады. Қазақстан құрамасының вингері 18 жасқа толған күні "Челсимен" келісімшартқа отырып, кейін Чемпионшиптегі "Бернли" клубына жалға берілді.Өткен демалыс күндері Дастан "Вест Бромвичке" қарсы матчте "Бернли" сапында дебют жасады - ол алаңға 57-минутта шықты, бірақ нәтижелі іс-қимылдарымен көзге түсе алмады.Қазақстандық футболшы жаңа клубында 12-нөмірді алды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Burnley Football Club (@burnleyofficial) жарияланымы
