Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Астанада 26 тамызда жарық, ыстық және суық су өшіріледі: уақыты мен мекенжайлар

0

Сәрсенбі, 26 тамызда Астанада ыстық және суық суды, сондай-ақ электр қуатын өшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы құлағдар етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл күні суық су сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін мына мекенжайлар бойынша болмайды: Рысқұлбеков көшесі, 8 және 8 А, сондай-ақ Құдайбердіұлы көшесі, 38 А. Сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін мына көшелердегі үйлердің тұрғындарына су берілмейді: Мыңарал көшесі, 3, сондай-ақ Майқотов көшесі, 17-27.

Себебі - құбыр желісіндегі жоспарлы жұмыстар.

Сондай-ақ осы күні елордада ыстық суды өшіру жоспарланған. Ол 08:00-ден 17:00-ге дейін құбыр желісін тексеру жұмыстарына байланысты болмайды.

Ыстық су негізінен оң жағалаудағы үйлерде, сондай-ақ сол жағалаудағы Тұран даңғылы, 23, 25, 27, 29, 31 және 35-те болмайды.

Дереккөз: t.me/ikomek109

Дереккөз: t.me/ikomek109

Сонымен қатар бұл күні электр желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі: күрделі және ағымдағы жөндеу, техникалық қызмет көрсету, тіректерді ауыстыру. Осыған байланысты бірнеше мекенжай бойынша 08:30-дан 16:00-ге дейін, 08:30-дан 16:30-ға дейін, 09:00-ден 11:00-ге дейін, 09:00-ден 16:30-ға дейін, 09:30-дан 16:30-ға дейін, сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін электр қуаты өшіріледі.

Жарық оң жағалауда да, сол жағалауда да өшіріледі. Атап айтқанда, келесі мекенжайлардағы үйлер туралы сөз болып отыр: Сарайшық, 24/1, 22, 28, 28/1, 30, 18/1, 24, 26, 16; Қонаев, 23; Нәрікбаев, 10; Мұхамедханов, 17 және Қыз Жібек, 36.

Дереккөз: t.me/ikomek109

Дереккөз: t.me/ikomek109

Дереккөз: t.me/ikomek109

Дереккөз: t.me/ikomek109

Дереккөз: t.me/ikomek109

Бұған дейін "Қазгидромет" Астана мен Алматыда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Мегаполистерде 26, 27 және 28 тамызда ауа райы қандай болатынын мына материалдан оқыңыз.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса