Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Тоқаев Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды

0

Президент "Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11-дe Астана қаласында шақырылсын", - делінген құжатта.

Еске салайық: Құрылтай депутаттарының сайлауы жексенбі, 23 тамызда сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтті.25 тамызда Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудың қорытынды нәтижелерін ұсынды.
Дауыс берудің қорытынды нәтижелері мынадай:

"Әділет" партиясы – 71,17 пайыз;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5,11 пайыз;"Байтақ" Қазақстан жасылдар партиясы – 1,07 пайыз;Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) – 3,11 пайыз;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6,26 пайыз;"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы – 5,21 пайыз;
Respublica партиясы – 5,56 пайыз.
Бәріне қарсы – 2,51 пайыз.

Партиялар Құрылтайға өту үшін жалпы дауыс берушілер санының кемінде 5 пайызын жинауы тиіс болатын.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, сайлаушылардың жалпы саны - 12 623 289 адам. Сайлауға 9 351 539 адам немесе тізімге енгізілген азаматтардың 74,8 пайызы қатысты.23 тамыз – сайлау күні2026 жылғы 1 шілдеде елде 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция күшіне енді. Осыдан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, ал олардың депутаттары таратылды.
Жаңа Конституция бойынша бір палаталы Парламент – Құрылтай құрылады. Оның құрамына бес жылға сайланатын 145 депутат кіреді, олар бес жыл мерзімге сайланады.23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтті. Алайда елдегі саяси өзгерістер тек жаңа заң шығарушы органды жасақтаумен шектелмейді. Саясаттанушылар Tengrinews.kz тілшісіне сайлаудан кейін қазақстандық билік жүйесін не күтіп тұрғанын және келесі кезеңдер қандай болатынын айтып берген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса