Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосынов кәсіпқой рингте жеңіске жетті

0
Астанада өткен IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирінде қазақстандық боксшылар Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосынов кәсіпқой рингте жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengri Sport.
Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Оның филиппиндік Нил Хакамосқа қарсы кездесуі бокс кешінің басты жекпе-жегі болды. Қос боксшы он раундты толық өткізіп, кездесу қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Тәшкенбайға берді.
Жекпе-жек барысында Санжар қарсыласын екі рет – бесінші және сегізінші раундтарда нокдаунға түсірді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы


Осы жеңістің арқасында Тәшкенбай бірінші аса жеңіл салмақта бос тұрған IBF Asia чемпионы белбеуін иеленді. Осылайша қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуінде-ақ чемпиондық атаққа қол жеткізді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы


Сәкен Бибосынов та Астанадағы бокс кешін жеңіспен аяқтады. Ол кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді. Қазақстандық боксшыға намибиялық Иммануэль Джозеф қарсы тұрды.
Екінші аса жеңіл салмақта өткен жекпе-жек жоспарланған сегіз раундқа толық созылды. Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Сәкен Бибосынов жеңімпаз деп танылды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы















Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы


Айта кетейік, Бибосынов әуесқой бокста әлем чемпионатында екі рет топ жарған (2021, 2025). Сондай-ақ ол 2020 жылғы Олимпиада ойындары мен 2021 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса