Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Еркебұлан Тоқтар Өзбекстаннан келген әлем чемпионын нокаутқа түсірді

0
Қазақстандық танымал файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар Астанада өткен IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті., деп хабарлайды Tengri Sport.
Оның қарсыласы поп-MMA-да өнер көрсетіп жүрген муай-тайдан әлем чемпионы, өзбекстандық Бобиржон "Испанчик" Исроилов болды.
Екінші орта салмақта кәсіпқой бокс ережесі бойынша өткен жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Еркебұлан Тоқтар қарсыласын үш рет нокдаунға түсіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы















Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы















Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы


Айта кетейік, алғашқы раундтың өзінде қос спортшы да нокдаун алып үлгерді. Жалпы жекпе-жек тартысты өтіп, бокс жанкүйерлеріне әсерлі айқас сыйлады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы


Еркебұлан Тоқтар ұзақ уақыт бойы поп-MMA додаларында өнер көрсетіп, кейін кәсіпқой жекпе-жекке ауысқан қазақстандық актер әрі спортшы. Қазіргі таңда оның рекорды – 11 жеңіс және 3 жеңіліс.
Бұған дейінгі кездесуінде қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен Қырғызстан өкілі Марсель Нурланбек уулына есе жіберген еді.Қазір Еркебұлан Тоқтар Қазақстандағы поп-MMA-дың ең танымал өкілдерінің бірі саналады. Оның Instagram желісіндегі парақшасына 2,3 миллион адам жазылған.Әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз: Telegram және Instagram.
Бізге қосылыңыз және ең маңызды жаңалықтардан хабардар болыңыз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса