Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2026

Қазақстан Президенті Норвегия королінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Норвегия королі V Харальдтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Норвегия королі VIII Хоконға әкесінің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Король V Харальд Норвегияның бірлігі мен рухын, жарқын жетістіктерін паш еткен көрнекті мемлекет қайраткері болды. Ұлы Мәртебелі ұзақ жылдар бойы абыройлы билік құрып, дана әрі адал басшы ретінде еліне қалтқысыз қызмет етті. Халқына ұдайы қамқор болып, қалың бұқараның құрметі мен ықыласына бөленді", – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Норвегия королі V Харальд 89 жасында дүниеден озды. Монарх 28 тамызда таңертең денсаулығының нашарлауына байланысты Осло университетінің ауруханасында қайтыс болды.
V Харальд 1991 жылы қаңтарда әкесі қайтыс болғаннан кейін таққа отырды. Ол 35 жылдан астам уақыт Норвегия королі болып, Еуропадағы ең танымал монархтардың бірі саналды. Оның рөлі негізінен өкілдік және рәсімдік сипатта болды, бірақ ұлттық трагедиялар кезінде ел бірлігінің символы ретінде бірнеше рет бой көрсетті.
Король желкенді спортқа деген қызығушылығымен танымал болды. Ол өз командасымен бірге Олимпиада ойындарына қатысып, Әлем және Еуропа чемпионаттарында жеңіске жеткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса