Добавить новость
ru24.net
World News
Август
2026

“Зор мәртебе“: Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болып тағайындалғаннан кейін сөз сөйледі

0

Құрылтай депутаттары Ерлан Қариннің Қазақстан вице-президенті лауазымына кандидатурасын қолдады. Бұған дейін мұндай ұсынысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев енгізген болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутаттар оның кандидатурасын қолдағаннан кейін Ерлан Қарин сөз сөйледі.

"Құрметті Президент, құрметті Құрылтай депутаттары! Кейінгі 5–7 жылда еліміздің барлық саласында оң өзгерістер болды. Өзіңіз айтқандай, Қазақстан тұрақтала түсті және соңғы бес жылда айтарлықтай өзгерді. Халық мұны сезініп отыр", - деді Ерлан Қарин.

Қарин ел басшылығының қолдауының арқасында Қазақстанда тарихи ауқымды реформалар мен жаңғырулар жүріп жатқанын атап өтті.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіз жиі айтатын сөз бар: әрбір азамат үшін Отанға қызмет ету - үлкен бақыт және зор мәртебе. Кейінгі жылдары мұндай мәртебе менің де еншіме бұйырды. Сенім білдіргеніңіз үшін алғыс айтамын. Қандай лауазымда болсақ та, міндетімізді адал атқарып, Отанға қызмет етуіміз керек, еліміздің игілігі үшін адал еңбек етуіміз қажет. Конституциялық құндылықтарды сақтау және оларды қоғамда іске асыру біз үшін басты мақсаттардың бірі", - деп толықтырды Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, жақында өткен сайлау, сондай-ақ конституциялық реформалар қоғамымызға үлкен оң өзгерістер әкелді.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, елімізде болып жатқан оң өзгерістер Отанымыздың игілігіне бағытталған. Құрметті депутаттар, сіздерді ортақ мақсаттарымызды ел игілігі үшін бірге іске асыруға шақырамын", - деді ол.

Айта кетейік, Президент Ерлан Қаринді Қазақстан вице-президенті етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Тағы оқыңыз: Құрылтай депутаттары вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдады




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса