Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Ламин Ямаль дубль жасап, ғасыр рекордын жаңартты

0

"Барселона" мен Испания құрамасының вингері Ламин Ямаль "Райо Вальекано" қақпасына екі гол соғып, командасының ірі есеппен жеңіске жетуіне септігін тигізді. Алғашқы голының арқасында футболшы кезекті рет тарихқа енді, деп хабарлайды Tengri Sport клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Райоға" қарсы матч каталониялықтар үшін сәтсіз басталды – олар 12-минутта гол жіберіп алды. Алайда Рафинья мен Ямальдың күш салуымен "Барселона" 21-минутқа қарай ойын тағдырын өз пайдасына шешті.
21-минутта соғылған гол Ламин үшін "Барселона" жейдесіндегі 50-ші гол болды. Осы уақытқа дейін каталониялықтар сапында бірде-бір ойыншы мұндай жас кезінде сонша гол соға алмаған – Ямальдың жасы небәрі 19 жас 49 күн.

"Ламин Ямаль Холанд пен Мбаппенің рекордтарын жаңартып, үздік бес лига тарихында 50 гол соққан ең жас ойыншы атанды", - деп хабарлады "Барселонаның" баспасөз қызметі.

Бұған дейін каталониялықтар арасында 50 гол соққан ең жас ойыншы рекордын Хосеп Эскола иеленіп келген еді. Ол 1935 жылы 20 жас 356 күнде 50 голдың авторы атанған болатын.

???? Lamine Yamal se convierte en el jugador más joven de la historia de las cinco grandes ligas en alcanzar los 5️⃣0️⃣ goles, superando los registros de Haaland y Mbappé pic.twitter.com/fJwUSBaXzG
— FC Barcelona (@FCBarcelona_es) August 31, 2026
Айта кетейік, Ямаль мұнымен тоқтап қалмай, осы матчте 51-ші голын да соқты. Ламин бұл голымен "Барселонаның" 5:2 есебімен аяқталған ойынына нүкте қойды.
Ламин Ямаль деген кім?
Еске сала кетейік, испандық вингер Испания құрамасының Еуро-2024 турниріндегі жеңісі кезінде нағыз жаңалық болды. Ол кезде ол финал дебютанты және Еуропа чемпионатында гол соққан ең жас ойыншы ретінде бірнеше рекордты жаңартқан еді.
Келесі екі жылда ол "Барселонаның" көшбасшысына айналып, тағы бірнеше бірегей жетістікке қол жеткізді: ол Ла Лигада гол соққан және негізгі құрамда шыққан ең жас ойыншы; Чемпиондар лигасында дебют жасаған "Барселонаның" ең жас ойыншысы; "Эль Класикода" ойнаған ең жас кәсіби футболшы.
Бүгінде Ямальдың қоржынында Испанияның үш чемпиондық титулы мен бір ел кубогі, сондай-ақ құрамамен бірге Еуропа және Әлем чемпионатындағы жеңістері бар. Футболшы әлі бағындырмаған жалғыз шың - Чемпиондар лигасы және ол бұл белесті 20 жасқа толмай тұрып еңсеруі мүмкін.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса