Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанның оңтүстігінде қоқыс жәшігінен нәресте табылды: полиция анасын іздестіріп жатыр

0

Жамбыл облысындағы Қордай ауданында қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды. Осы оқиғаға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің суреті мен ақпарат тараған болатын.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері баланың анасын анықтау және оқиғаның мән-жайын білу мақсатында жедел-іздестіру және тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

"Қазір нәресте медициналық мекемеде жатыр. Жағдайы тұрақты деп бағаланған, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды
Еске салсақ, биыл ақпанда Семей полиция басқармасы Әуезов бөлімінің кезекші бөліміне қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылғаны туралы хабарлама түскен еді. Нәрестенің денесі орамалға оралған күйде болған.
Сол кезде оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. Тергеушілер үй жағдайында босанған 20 жастағы қызды анықтады. Ол нәресте өлі туғанын айтты.
Полиция баланы қоқыс жәшігіне тастап кеткен ер адамды да анықтады. Сотқа дейінгі тергеу барысында нәрестенің денесі сараптамаға жіберілді.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса