Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026
1 2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Үйдің іргесі сөгіліп жатыр“ - Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша куәгер

0

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін сотта қайғылы жағдай болған үйдің тағы бір тұрғыны Халил Бабалиев жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгердің айтуынша, оның отбасы бұл үйдегі пәтерді 2022 жылдың желтоқсанында сатып алған. Сол кезде ғимараттың жай-күйіне қатысты мәселелер туралы оған ешкім ескертпеген.
Көп ұзамай Бабалиевтің пәтерін су басады. Ол техникалық қабатқа көтерілгенде еденнен үлкен жарықты байқаған. Бұл туралы ол МИБ төрайымы Гүлжаухар Ахметоваға хабарлаған. Алайда, оның сөзінше, сол кезде нақты жауап ала алмаған - оған тек мән-жайды анықтап, шара қолдануға уәде берген.
Қасбет қаптамасы құлағаннан кейін Бабалиевтің пәтерінің төбесі мен қабырғаларында сызаттар пайда бола бастаған. Кейінірек ол жатын бөлмеде бұрын да жарық болғанын, оны пәтердің алдыңғы иелері гипсокартонмен жауып қойғанын білген.
Сонымен қатар, үйді сатып алғаннан кейін ер адам осы жарыққа байланысты сараптама жүргізілгенін естіген. Куәгердің айтуынша, пәтерді сатушы да, МИБ-тің бұрынғы төрағасы да оған сараптама нәтижелері мен үйдің жағдайындағы ақаулар туралы айтпаған.

"Егер жағдайдың осындай екенін білгенімде, бұл баспананы сатып алмас едім", - деді ол.

Қаптама құлаған соң үй тұрғындары мемлекеттік органдарға жүгіне бастаған. Бабалиевтің айтуынша, олар екі рет аудан әкімінің қабылдауында болып, әкімдікке барып, жөндеу жұмыстарының жүргізілуін талап еткен. Үйдің айналасы қоршалып, бір жағынан қалқа мен қорғаныш торы орнатылған. Бірақ қазір жұмыс іс жүзінде тоқтап тұр, ал үйдің келесі бетінде қаптама құлағаннан кейін зақымдалған жерді тек сылап қана қойған, дейді куәгер. Жөндеу жұмыстары әлі басталмаған.

"Қазіргі уақытта үйіміз ешкімге керексіз болып қалғандай күйдеміз. Бәріміз, тұрғындар, түнде ұйықтағанда таңертең далада оянбаймыз ба деп қорқамыз. Үйдің іргесі сөгіліп жатыр", - деді ер адам.

Сонымен қатар Халил Бабалиев үй қабырғасындағы жарықтардың ұлғайып бара жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, жақында оның пәтеріндегі жатын бөлме бұрышында жаңа жарық пайда болған. Осыдан кейін тұрғындар ТЖМ-ге жүгінген.

"Шыны керек, әр түн сайын бір шытырлаған дыбыстар естіледі. Біздің пәтер соңғы қабатта орналасқан, бұл дыбыстар үнемі шығады (...) Қазір біз, былайша айтқанда, оқ-дәрі салынған бөшкенің үстінде отырғандаймыз, мұның бәрі қашан опырылып түсетінін білмейміз. Ал егер бұл жағдай болса, оған кейін кім жауап береді?" - деп сұрақ қойды куәгер.

Сондай-ақ бүгін сот қайғылы оқиға болған үйдің тұрғыны, куәгер Валерия Самсонованың жауабын тыңдады. Оның айтуынша, үйдің қабырғаларында жарықтар пайда болған.
Бұған дейін Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот тікелей эфирде өтетіні хабарланған болатын. Трансляцияны Tengrinews.kz сайтының YouTube-арнасынан көруге болады.

Өткен отырыстарда не болды?
18 тамызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында басталды фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Істі судья Меруерт Абаева жүргізіп жатыр.
Бұған дейін марқұмның жұбайы Әділет Зейнел Ұлдананың анасының пайдасына жәбірленуші мәртебесінен бас тартатыны айтылған еді. Алайда кейін сот бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.
Айыпталушылар орындығында қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрағасы Сәуле Жұбаниязова отыр. Өткен сот отырысында ол өзін кінәсіз деп санайтынын мәлімдеді.
Ұлдананың анасының адвокаты Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, бұл іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы ("Міндеттеріне адал қарамау") бойынша қаралып жатыр.
20 тамызда сотталушының адвокаты судья Меруерт Абаеваға қарсылық білдірді, алайда бұл өтініш қабылданбай, процесс жалғасты.
фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел сотта жауап берді. Ер адам жұбайы қайғылы жағдайға ұшыраған күн туралы баяндады. Сондай-ақ ол сотқа жұбайының қазасы туралы қалай білгенін және әкімдікте алған 20 миллион теңге туралы хабарлады.
Сондай-ақ оның анасы да жауап берді. Әйелдің айтуынша, өз қызын танымай қалғанын ауруханаға барған кезде белгілі болған. Сонымен қатар жәбірленуші құдағиының әкімдіктен берілген көмек қаржының 4,5 миллион теңгесін қайтаруды талап еткенін жеткізді.
Одан бөлек, қайғылы оқиға болған күні Ұлдана Мырзуанмен шақырту орнына келген фельдшер Дильназ Байзақова да сотта жауап берді. Оның айтуынша, Ұлдананың сау тамтығы қалмаған. Тағы бір жәбірленуші Гүлнар Қалиева сол күні "кірпіштер жаңбырша жауғанын" айтты.
Бұған дейін Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот тікелей эфирде өтетіні хабарланды. Трансляцияны YouTube-арнамыздан және Tengrinews.kz сайтынан көруге болады.
Қайғылы оқиға қалай болды?
2025 жылғы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылы, 24 Б мекенжайындағы тоғыз қабатты үйдің қасбетінен кірпіш қаптама құлаған. Салдарынан бес адам зардап шекті. Олар №1 көпбейінді ауруханаға жатқызылды.
Бір пациенттің жағдайы өте ауыр болды, оған ота жасалды. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатты, дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалады. Қалған екі адам бөлімшеге орналастырылды, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланды.
Ең ауыр жарақат алған пациент - оқиға орнына жеткен жедел жәрдем фельдшері, 23 жастағы Ұлдана Мырзуан болып шықты. Қыздың туыстарының айтуынша, ол зардап шеккендерге алғашқы болып көмекке ұмтылған. Олардың арасында бала, оның анасы және туысы болған. Ұлдана зардап шеккендерге қарай жүгірген кезде, "үстіне кірпіш мен кондиционердің бекіткіші құлаған". 18 қарашада ол ауруханада көз жұмды.
Оқиғадан кейін полиция Қылмыстық кодекстің 278-бабы "Сапасыз салынған құрылыс" бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін істе тағы бір бап пайда болды – 306-бап "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету".

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлдана Мырзуанды ерлігі, жанқиярлығы және міндетін үлгілі атқарғаны үшін "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады. Қазақстандықтар жедел жәрдем фельдшерімен қалай қоштасқаны туралы мына материалда.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса