Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі қызметінде қалды

0

Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жұлдыз Сүлейменованың өмірбаяны
Жұлдыз Сүлейменова 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Тарих" факультеті бакалавриатын, "Философия және саясаттану" факультетінің магистратурасын және PhD докторантурасын тәмамдаған. Тарихшы-ұстаз, философия және саясаттану магистрі, мәдениеттану PhD докторы.
2000–2004 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік өзін-өзі басқару ұйымының төрайымы.
2004–2006 жылдары - Алматы экономика және статистика академиясының Ақтөбе институтында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы.
2006 жылы - "Нұр Отан" ХДП Ақтөбе облыстық филиалының консультанты, "Жас Отан" Жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының орынбасары.
2007–2008 жылдары - Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №159 көпсалалы гимназиясында тарих және құқық пәндерінің мұғалімі.
2008–2011 жылдары - Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасары, Жастар әкімшілігінің төрағасы.
2011 жылы - Халықаралық Бизнес Академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы.
2011–2012 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Бас ғалым хатшысы.
2012–2017 жылдары - "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының Білім беру саясаты және бағдарламалар департаментінің аға менеджері, директордың орынбасары.
2017–2019 жылдары - "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы Зияткерлік мектептерді дамыту департаментінің директоры.
2019–2021 жылдары - Алматы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің директоры.
2021–2025 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІІ, VІІІ шақырылым депутаты, Әлеуметтік мәдени даму комитетінің мүшесі.
"AMANAT" партиясы фракция жетекшісінің орынбасары.
2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі.
2023 жылы - "AMANAT" партиясы Әйелдер қанатының тең төрағасы.
2025 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі.
2025 жылғы 29 қыркүйектен Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса