Президент энергетика министрін тағайындады
Ерлан Ақкенженов энергетика министрі лауазымына қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының энергетика министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ерлан Ақкенженовтің өмірбаяны1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. "Әділет" жоғары құқық мектебін, "Астана" университетін бітірген.2002–2004 жылдары - "Қазмұнайгаз" сауда үйі" ЖШС Мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің бас маманы, бас менеджері, директоры.2004–2006 жылдары - "Chevron Texaco Global Trading" шикі мұнай трейдері, Сингапур қаласындағы "KazMunaiGaz Singapore" директоры. 2006–2008 жылдары - "Қазмұнайгаз" сауда үйі" АҚ Мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры.2008–2010 жылдары - "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС коммерциялық директоры.2011–2012 жылдары - "ҚазМұнайГаз өнімдері" АҚ бас директорының кеңесшісі, "ҚазМұнайГаз Қайта өңдеу және маркетинг" АҚ Мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры. 2013–2014 жылдары - Rompetrol Bulgaria бас директордың орынбасары, бас директоры (Болгария).2015–2016 жылдары - KMG International (Rompetrol) мұнай және мұнай өнімдері трейдингі жөніндегі бас директор, бөлшек сауда жөніндегі бас директор, бас директордың кеңесшісі (Румыния).2016–2020 жылдары - мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу және тасымалдаумен байланысты жеке құрылымдарда жұмыс істеген.2022–2023 жылдары - "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының басшысы.2023–2025 жылдары - ҚР энергетика вице-министрі.2025 жылғы 19 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР энергетика министрі болып тағайындалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
