Алматыда Жұбанов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Жұбанов көшесінің бір бөлігі жабылады, - деп хабарлайды Tengri Auto.3 қыркүйек сағат 23:00-ден 4 қыркүйек сағат 5:00-ге дейін Өтеген батыр көшесінен Алтынсарин даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.
Бұл учаскеде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты төселеді.
Жүргізушілерден бағытты жоспарлау кезінде шектеулерді ескеру сұралады. Жолда ескерту белгілері орнатылады. Жұмыс мерзімі ауа райына және өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін.
Алматыдағы көлік қозғалысына қатысты шектеулер6 қыркүйекте Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігінде сағат 00:00-ден 23:00-ге дейін көлік қозғалысына толықтай шектеу қойылады.31 тамыздан 14 қыркүйекке дейін Байзақов көшесінің Жамбыл көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Сонымен қатар, Қайрат шағынауданында тұрғын үй кешендеріне су бұру желілерін тартуға байланысты қозғалыс шектеледі.
Жұмыстар екі учаскеде жүргізіледі:
Тараз және Бәйге көшелерінің қиылысынан Сұлутал және Бәйге көшелеріне дейінгі аралықта - 30 қыркүйектен 15 қазанға дейін;Сұлутал және Бәйге көшелерінің қиылысынан Сыбызғы көшесіне дейінгі аралықта - 31 тамыздан 30 қыркүйекке дейін.
