4-6 қыркүйекте Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" Астана мен Алматыдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 4, 5 және 6 қыркүйекте мегаполистерде ауа райы қандай болатыны - Tengrinews.kz материалында.
Болжамға сәйкес, алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы айтарлықтай өзгереді: елордада күн ашық әрі жылы болады деп күтіледі, ал оңтүстік мегаполисте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Астанадағы ауа райы
4 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан түнде 2-7, күндіз 5-10 метр/секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +7...+9 градус, күндіз +25...+27 градус.
5 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні - 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +25...+27 градус.
6 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +26...+28 градус.
Алматыдағы ауа райы
4 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +22...+24 градус.
5 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 13 метр/секундқа жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +22...+24 градус.
6 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғып, күндіз екпіні 13 метр/секундқа жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +25...+27 градус.
Қазақстанға аптап қайта оралады
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда күн біртіндеп жылынатынын хабарлаған болатын. Таяу күндері елдің басым бөлігінде ауа райы негізінен құрғақ және ашық болады, ал күндізгі температура кей жерлерде +33 градусқа дейін көтеріледі.
